Ұлттық коммуникациялар және PR іс-шаралар жөніндегі сарапшысы

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ "Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы - Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-да таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету" жобасы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін мынадай мамандарды тартатыны туралы хабарлайды:

1) Ұлттық коммуникациялар және PR іс-шаралар жөніндегі сарапшысы.

Мамандарды іріктеу кандидаттардың экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 15.03.2024 ж.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кірум қажет.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 4 560 000 (төрт миллион бес жүз алпыс мын) теңге.

Қызметке мүдделілік танытқан жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттарды (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

форма_заявки_и_ценового_предложения_каз.docx

квал.требования_pr.docx

проект_договора.docx

расчет_стоимости_услуг_приложение_3_pr.docx

тз_дву_pr_консультант-декабрь_2023-2004_newformat.docx

Ұлттық коммуникациялар және PR іс-шаралар жөніндегі сарапшысы Ұлттық коммуникациялар және PR іс-шаралар жөніндегі сарапшысы
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан