Басқарма

Қазжанова Жанна Амангелдіқызы

Қазжанова Жанна Амангелдіқызы

Басқарма Төрағасы
«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ

Қазжанова Жанна Амангелдіқызы

Қазжанова Жанна Амангелдіқызы

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Агроэколог» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2005 жылы Ақмола аймақтық қоршаған ортаны қорғау департаментінен бастады. 2005 және 2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарда еңбек етті. 2017 жылдан 2020 жылға дейін жеке және квазимемлекеттік секторларда Департамент директоры, Басқарушы директордың орынбасары, Басқарма Төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

«Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды.

Қазжанова Жанна Амангелдіқызы Қазжанова Жанна Амангелдіқызы
Игенова Жанар Райымқұлқызы

Игенова Жанар Райымқұлқызы

Басқарма Төрағасының Орынбасары
«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ

Игенова Жанар Райымқұлқызы

Игенова Жанар Райымқұлқызы

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен Игенова Жанар Райымқұлқызы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Игенова Жанар Райымқұлқызы 1979 жылғы 20 шілдеде туған. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «инженер-экономист» біліктілігін алып, 2007 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» біліктілігін алып, 2020 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Executive Master of Business Administration» біліктілігін алып бітірді.

Өзінің еңбек жолын 2003 жылғы наурыздан бастады. Жалпы еңбек өтілі 18 жыл, бұл ретте оның жұмыс тәжірибесі қоршаған ортаны қорғау, экология, құқықтық қамтамасыз ету және корпоративтік басқару сияқты салалардағы кәсіби қызметпен байланысты. Төмендегі мемлекеттік органдарда қызмет ете жүріп, кәсіби тәжірибе жинақтады: ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитеті және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Қазгидромет» РМК сияқты Қазақстанның ірі компаниялары.

Ж.Р. Игенова Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында жасыл технологиялар және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыстарға жалпы басшылық жасау және үйлестіру істерін жүзеге асыратын болады.

Игенова Жанар Райымқұлқызы Игенова Жанар Райымқұлқызы
Елена Қуанбаева

Елена Қуанбаева

Басқарма Төрағасының Орынбасары
«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ

Елена Қуанбаева

Елена Қуанбаева

«ХЖТИЖО» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

Келесі бағыттағы қызметтер бойынша басшылық етеді:
- Қазақстанның ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарына көшуіне ықпал ету;
- Ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) қызметін қамтамасыз ету үшін ғалымдар мен сарапшылар базасын қалыптастыру және қолдау;
- жасыл технологиялардың даму үрдісі мен деңгейін зерттеу, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары шеңберінде талдамалық зерттеулер жүргізу;
- ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Экология және тұрақты даму саласындағы тәжірибелі кәсіби маман. Халықаралық алаңдарда, сол сияқты ұлттық мұнай-газ компаниясында табысты жобаларды іске асырды. Негізгі бағыттары: мұнай-газ саласы объектілерін экологиялық жобалау және заңнамалық қызмет.

Бiлiмi: инженер-технолог, мұнай-газ өнеркәсібінің экологы. Губкин ат. Мемлекеттік мұнай және газ академиясын бітірген. (Москва, Ресей).

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы стратегиялар мен саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқарудың корпоративтік жүйесін құру, төмендегі бағыттар бойынша үздік халықаралық практикаларды енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі бар: климаттың өзгеруі, энергия тиімділігі, факелде жағуды азайту, су ресурстары мен қалдықтарды басқару, қаржылық емес корпоративтік есептілік, компанияны IPO-ға дайындау, ESG рейтингін көтеру.

Елена Қуанбаева Елена Қуанбаева