
Сүлейменова Зүлфия Болатқызы
Сүлейменова Зүлфия Болатқызы

Сүлейменова Зүлфия Болатқызы
Директорлар кеңесінің төрағасы, акционердің өкілі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.
Жалпы ақпарат, білім
1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген, қазақ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірді. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жопанияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің резервшісі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Мансап
Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады.
2020 жылғы қаңтар айынан бастап 2021 жылғы қаңтар айы аралығында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің, Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментерінің директор орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.
2021 жылғы қаңтар айынан бастап 2022 жылғы наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты болды.
2022 жылғы наурыз айынан бастап 2023 жылдың қантарына дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2023 жылғы 4 қаңтардан бастап қазіргі уақытқ бойынша Мемлекет басшысының Жарлығымен Зульфия Булатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Иванова Анна Олеговна
Иванова Анна Олеговна

Иванова Анна Олеговна 2021 жылғы 28 мамырда ХЖТИЖО КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
А.О. Иванова «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Анна Иванова 20 жылдан астам ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта - Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасының басшысы лауазымын атқарады. ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес мемлекет қатысатын бірқатар ұйымдардың Директорлар кеңестерінің (Қадағалау кеңестерінің) құрамына кіреді. Мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс істеу, оның ішінде корпоративтік басқару бөлігінде үлкен практикалық тәжірибесі бар.
Тұрмыста, 2 баласы бар.

Канапьянов Чингиз Сержанович
Канапьянов Чингиз Сержанович

Қанапиянов Шыңғыс Сержанұлы 2019 жылғы 22 қазанда «ХЖТИЖО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды, аудит және тәуекелдер жөніндегі комитеттің төрағасы болып табылады.
Канапьянов Шыңғыс Сержанұлы Халықаралық экономикалық қатынастар бакалавры және Магистрі дәрежесіне ие.
Gec Consulting консалтингтік компаниясының серіктесі, «ЕСЖ тауар биржасы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
Шыңғыс Қанапиянов Kazakhstan Stock Exchange, RFCA Rating Agency, «KMGold» АҚ, «Қазақстан-Британ Техникалық Университеті» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Rfca Academy – ҚР Ұлттық Банк академиясы» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ сияқты ұйымдардың директорлар кеңестерінде он бес жылдан астам жұмыс істеді.
Бұрын Шыңғыс Қанапиянов ҚР СІМ-нің орталық аппаратында және Ұлыбританияда ҚРҮ-нің орталық аппаратында дипломатиялық лауазымдарды атқарған.
Қазақстан Республикасының азаматы, «ХЖТИЖО» КЕАҚ акцияларына иелік етпейді.