Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ-ның 70-ші Бас Ассамблеясы барысында айтылған бастама шеңберінде, "Астана-ЭКСПО 2017" көрмесінің инфрақұрылымы мен мұрасын негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен 2018 жылдың 27 сәуірде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ құрылды.
2019 жылдың қыркүйегіне дейін бірінші басшы кәсіби дипломат және АСТАНА ЭКСПО 2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев болды.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап Директорлар кеңесінің шешімімен Рамазан Жанпеісов басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оның энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен тәжірибесі бар. 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін-"KAZENERGY" қауымдастығының атқарушы директоры, тұрақты даму, экологиялық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне жетекшілік етті. 2016 жылы ол БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Тұрақты энергетика комитеті бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды.
Орталық 2018 жылдың 17 мамырында "Global Challenges Summit 2018" АЭФ барысында әлемдік қауымдастыққа ұсынылды.
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ - ЭКСПО Іскерлік орталығы аумағындағы жасыл технологиялар саласындағы іргелі бастамалардың бірі.
Қоғам миссиясы-экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау.