Ұлттық бизнес кеңесшісі

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы - Қазақстанда Жасыл жұмыс орындарын құру үшін шок-та таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету жобасы бойынша Жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін келесі маманды тарту туралы хабарлайды:

1.Ұлттық бизнес кеңесшісі.

Мамандарды іріктеу кандидаттардың экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі және ең төмен баға ұсынысы негізінде жүргізіледі.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдер 2023 жылғы 06 қараша пен 10 қараша аралығында қабылданады.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін төменгі сілтемелерге кіру қажет.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 8 900 000 (сегіз миллион тоғыз жүз) теңге.

Лауазымға мүдделіб олған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

договор_бизнес_консультант.docx

квалификационные_требования.docx

расчет_стоимости_услуг.docx

тз_бизнес_консультант.doc

форма_заявки_и_ценового_предложения_каз.docx

Ұлттық бизнес кеңесшісі Ұлттық бизнес кеңесшісі
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан