Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Елімізде қоқыс жинау мәселесіне мән бермеу экологияны орны толмас зардаптарға әкеледі

mc2

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) энергияға өңдеу қағидаттарын енгізуді көздейтін «WASTE-TO-ENERGY» жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.
Бұл жоба елімізде алғаш рет жүзеге асырылуда. Ол Қазақстанның аймақтарындағы полигондардағы ҚТҚ-ның морфологиялық құрамын, физикалық-химиялық қасиеттерін және энергетикалық көрсеткіштерін зерттеуді, ҚТҚ-мен жұмыс істейтін электр станцияларын салу үшін технологиялық құжаттама мен инженерлік-геологиялық іздестірулерді дайындауды, инвесторларды іріктеу бойынша жобалық аукционды
ұйымдастыруды және басқа да бағыттарды болжайды. Жобаны іске асыру үшін қазақстандық бейінді ұйымдармен әрекеттестік жасауға waste-to-energy саласында табысты жұмыс тәжірибесі бар халықаралық компаниялар тартылатын болады.
Қазақстанда тұрмыстық қалдықтардың жиналу мәселесі өзекті болып тұр. Елімізде ҚТҚның пайда болу көлемі жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі уақытта 3,5 мың полигонда 120 млн тоннадан астам қалдық жинақталған және жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам қалдық пайда болуда. Сонымен қатар, 16 мың гектар жерді алып жатқан 3520 ҚТҚ полигонының небары 623-і экологиялық және санитарлық талаптарға сай келеді. 27 полигон белгіленген қуаттылық нормативінен тыс жұмыс істейді.
«Тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі біздің еліміз үшін өзекті мәселе және алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибе негізінде жоспарлы шешімдерді талап етеді.
Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу Қазақстанда 15%-дан аспайды, ал бұл жағынан әлемдегі озық тәжірибе 70%-ға жетті», - деп түсіндірді Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIPC) Басқармасының Төрағасы Рамазан Жанпейісов. – «Барлық ҚТҚ-ны өңдеу мүмкін емес, сол себепті қалдықтардың бір бөлігін – бұл дегеніңіз 30-дан 50%-ға дейін – ресурс ретінде ҚТҚ-ны пайдаланатын станцияларда электр және жылу өндіре отырып waste-to-energy технологиясы бойынша кәдеге жарату қажет. Бұл тұрғыда тұрмыстық қалдықтар бағалы фракциялар, энергия, компост өндіру үшін пайдаланылатын маңызды ресурс болып табылады».
Тұрмыстық қалдықтарды термиялық кәдеге жарату парниктік газдардың шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік береді, бұл климат бойынша Париж келісімі шеңберінде Қазақстанның міндеттемелерді орындауы үшін әсіресе маңызды. Қазіргі уақытта елімізде жыл сайынғы полигондардан шығарылатын шығарындылар 5,4 млн тонна СО₂ құрайды. 
«Егер тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесімен дәл қазірден бастап айналыспасақ, бірнеше жылдың өзінде-ақ Қазақстан экологиясын орны толмайтын салдарларға әкелуі мүмкін», - деп атап көрсетті Рамазан Жанпейісов.
Бүгінде бүкіл әлем бойынша қалдықтарды энергияға айналдыратын 2,5 мыңнан астам қоқыс өңдейтін зауыттар салынып, жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, өндірістік қуаты жылына 360 млн тонна болатын 2440 зауыт оттықты пеште ҚТҚ өңдеу технологиясын қолданады. Бұл  технологияда қалдық қабаттап жағылады және мұнда қалдықты алдын ала өңдеу қажет етілмейді және қалдықтың жылу шығаруына қойылатын талап та төмен. Жалпы өндірістік қуаты жылына 2,5 млн тонна болатын тағы 100–ден астам зауыт пиролиз пешінде қалдықтарды жағу технологиясын пайдаланады-ол жылу шығару қабілетін арттыру үшін кіріс қалдықтарын алдын ала өңдеуді (түйіршіктеуді) талап етеді.
Мысалы, waste-to-energy қағидаты бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар ретінде - Вена қ. (Австрия) 1971 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан, жыл сайын 250 мың тоннаға дейін қоқысты кәдеге жарататын және 60 МВт жылу 120 ГВт *с электр қуатын өндіретін қоқыс өңдейтін зауытты атауға болады; сондай-ақ Копенгаген қ. (Дания) Амагер Бакке зауытын да атап өтуге болады, ол 2017 жылы ашылған және жылына 400 мың тонна қоқыс өңдейді әрі сәйкесінше 160 мың және 62,5 мың үй шаруашылықтарын жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етеді. Қазір Қазақстанда олардың waste-to-energy қағидатын енгізу кезіндегі тәжірибесі зерттеліп жатыр. Жалпы, елімізде қатты тұрмыстық
қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру және қолда бар инфрақұрылымды жаңғырту үшін инвестициялардың едәуір көлемін тарту талап етіледі.
«WASTE-TO-ENERGY» жобасын іске асыру инвесторлардың назарын тұрмыстық қалдықтарды термиялық кәдеге жаратуға тартуға, сондай-ақ оларды аукционға қатысу үшін қажетті барлық қажетті техникалық және заңнамалық ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, инвесторлар үшін бәсекелестік жағдайлар жасалады, нәтижесінде тарифке жағымды әсер етеді. 2020 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдау күтілуде, ол ҚТҚ энергетикалық кәдеге жарату ұғымын айқындайды, оларды термиялық қайта өңдеу жөніндегі объектілерді пайдалану кезіндегі талаптарды белгілейді, ЖЭК станцияларына ұқсас ҚТҚ-мен жұмыс істейтін электр
станцияларын қолдау механизмдерін енгізеді, сондай-ақ осы сегменттегі инвесторлардың жұмысы үшін басқа да қажетті жағдай жасайды.

Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан