«Озық қолжетімді технологиялар» стандарттау жөніндегі №110 Техникалық комитетінің сырттай отырысы

  1. Іс-шараның ресми атауы: «Озық қолжетімді технологиялар» стандарттау жөніндегі №110 Техникалық комитетінің сырттай отырысы
  2. Іс-шараның күні: 31 наурыз 2020 жыл.
  3. Жалпы ақпарат:

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ базасында "Озық қолжетімді технологиялар" стандарттау жөніндегі №110 Техникалық комитетінің (ОҚТ бойынша ТК) алғашқы отырысы 2020 жылғы 31 наурызда сырттай өткізілді.

Отырысқа «Kazzinc» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Еуразиялық Топ» ЖШС және басқа да үлкен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Қазхимөнеркәсіп» ЗТБ, «EcoJer» аймақтық экологиялық бастамалардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ және ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Аталған кеңестің қорытындысы бойынша ОҚТ бойынша ТК-тің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары және құрамына мемлекеттік органдардың, өндірістік қауымдастықтардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми институттардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар кіретін ОҚТ бойынша салалық техникалық анықтамалықтарды әзірлеу бойынша Техникалық жұмыс топтары экономиканың келесі салалары бойынша бекітілді:

  • · «Мұнай және газ өндіру»;
  • · «Мұнай және газды өңдеу»;
  • · «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отынды жағу»;
  • · «Органикалық және бейорганикалық химиялық заттар өндірісі»;
  • · «Тау-кен және металлургия өнеркәсібі»;
  • · «Цемент және әк өндірісі».

Жауапты орындаушы: ОҚТ Бюросының бас менеджері – Ербосынов Б

«Озық қолжетімді технологиялар» стандарттау жөніндегі №110 Техникалық комитетінің сырттай отырысы «Озық қолжетімді технологиялар» стандарттау жөніндегі №110 Техникалық комитетінің сырттай отырысы
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан