«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының ұсталуына қатысты мәлімдемесі

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ары қарай – Орталық) Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясының (СОР-28) Тараптар Конференциясының көрмесін ұйымдастыруға қатысты Басқарма Төрағасының ұсталғаны туралы хабарлайды. Орталық іс-шараны ұйымдастыруға әкімшілік қолдау көрсетіп, қаржылық мәселелермен айналыспаған.

Бұл жағдайдың Орталық қызметіне (соның ішінде гранттық жобаларды іске асыру, жасыл технологияларды дамыту және қолдау, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру) ешқандай қатысы жоқ екенін атап өткіміз келеді. Орталық өз жұмысының барлық салаларында ашықтық, этика және адалдықтың жоғары стандарттарын сақтауды жалғастырады. Орталық және оның қызметкерлері этика және адалдық принциптері серіктестеріміз, клиенттеріміз және жалпы қоғам тарапынан сенімді дамытудың іргетасы екеніне сенімді.

Орталық қызметкерлері мен басшылығы құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетеді. Орталық әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін сот пен сот процесіне сүйенеді.

Орталық өз қызметі негізделген барлық ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтай отырып, әдеттегідей жұмысын жалғастыру ниетін мәлімдейді. Тергеуде тиісті органдармен бірлесіп жұмыс істеуге және бұл жағдайда толық ашықтықты қамтамасыз етуге дайын екендігімізді растаймыз.

Сондай-ақ, Орталық әділ және заңды қызметке бейілділігін растайтынын, кез келген заңсыздық біздің құндылықтарымызбен үйлеспейтін атап өткіміз келеді.

Орталық өз қызметінде ашықтықтың жоғары стандарттарын қатаң ұстанады және ашық болып қалады. Біз өз мақсаттарымыз бен қағидаттарымыздың өзгеріссіз қалуын қамтамасыз етеміз.

Орталық «жасыл» сектордың дамуына өз үлесін қосып, жұмысын жалғастырады.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының ұсталуына қатысты мәлімдемесі «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының ұсталуына қатысты мәлімдемесі
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан