АӨСШК мерейтойлық медальдармен марапаттады

whatsapp image 2022 12 08 at 14.34.37 1

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 30 жылдығын мерекелеу аясында 6-7 желтоқсанда мерейтойлық медальдармен марапаттау рәсімі өтті.  Ұйымның мерейтойлық медалі "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Игеноваға табысталды.

whatsapp image 2022 12 08 at 14.34.37 2

АӨСШК Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай өзінің құттықтау сөзінде өткен үш онжылдықтағы АӨСШК жетістіктерімен бөлісті және ұйымның даму процесінің барлық қатысушыларының қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.

Бас хатшы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың сөздерін келтіріп, марапаттың әрбір иегері бүгінде миллиардтаған адамдардың мәселелерін шешетін ауқымды ұйымның іргетасына "кірпіш" болып қаланғанын атап өтті.

"АӨСШК-ге 30 жыл" мерейтойлық медалін АӨСШК аға лауазымды адамдарының комитеті 2022 жылғы 9 наурызда құрды және АӨСШК процесін нығайтуға және дамытуға қосқан ерекше еңбегі мен құнды үлесі үшін беріледі.

whatsapp image 2022 12 08 at 14.34.37

АӨСШК мерейтойлық медальдармен марапаттады АӨСШК мерейтойлық медальдармен марапаттады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан