• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • ҚАЗАҚСТАНДА ЖЭК ЖОБАЛАРЫ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЫЗДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕУ ҚАЖЕТ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЭК ЖОБАЛАРЫ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЫЗДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕУ ҚАЖЕТ

w3

2020 ж. 28 мамырда, Нұр-Сұлтан қ. «Күн энергетикасын қаржыландыру» тақырыбында тегін вебинар өтті. Іс-шараны Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC), RENAC жаңартылатын энергия көздері академиясы (Renewables Academy, Германия) және CARER компаниясы бірлесіп ұйымдастырды. Вебинарға спикер ретінде RENAC компаниясының «Жасыл энергияға арналған қаржы» жобасының жетекшісі Александр Боенш (Германия), сондай-ақ CARER компаниясының консалтинг бойынша серіктесі және бөлімше директоры Ернар Біләлов (Қазақстан) шақырылды. Вебинар өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде оларды іске асыруға байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, күн фотоэлектрлік инвестициялар нарығындағы соңғы үрдістерді, осындай жобаларды қаржыландырудың әртүрлі көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсы түсінуге ниет білдірген мемлекеттік және жеке мекемелердің практик-мамандарына арнап ұйымдастырылды.

Александр Боенш мәлімдегендей, сегіз жыл қатарынан күн фотовольтаикасы (PV) жыл сайынғы инвестициялар көлемі бойынша жаңартылатын энергетика технологияларының барлық басқа түрлерінен алда келеді, бұл әлемдегі осы сегменттегі оның басым рөлін айқындайды. «2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде күн фотоэлектрлік қондырғыларының жаһандық қуаты 2 еседен астам өсті. Климаттың өзгеру салдарын жұмсарту және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін PV секторы келесі бірнеше жыл ішінде белсенді дамуы үшін жаңартылатын энергетикаға инвестицияларды ұлғайту ісін жалғастыру қажет», - деді ол.

whatsapp image 2020 05 28 at 15.52.42 1

А.Боенштың айтуынша, дамыған және дамушы нарықтар өз халқы мен экономикасының өсіп келе жатқан энергия тұтынуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте жергілікті нарықтарда қарыз қаражат пен акционерлік капитал ұсынатындар ЖЭК-ті қолдауда шешуші рөл атқарады.

w2

Қазақстанда осындай жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты жағдай туралы айта келе, Е.Біләлов қазіргі уақытта біздің елімізде қолайлы пайыздық мөлшерлемелер бойынша ұлттық валютамен (жылдық 9-10%) ұзақ мерзімді қарыздық қаржыландыру жоқ екенін, ал шетел валютасымен қарыздық қаржыландыруды тартудың жоғары валюталық тәуекелі бар екенін және теңге айтарлықтай әлсіреген жағдайда бұл жобаның дефолтына алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қазір республикада ЖЭК жобасының жалпы құнының шамамен 30%- ы инвесторлардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады, бұл ретте осы жобалардың өзін-өзі ақтауы шамамен 12 жылды құрайды. Жобаның жалпы құнының қалған 70% ұзақ мерзімді қарыздық қаржыландыру есебінен қаржыландырылады.

Атап айтқанда, соңғы 7 жылда Қазақстанда ЕҚДБ қаржылай қолдауымен белгіленген қуаттылығы 647 МВт 13 ЖЭК жобасы іске қосылды, оның ішінде: Жаңақорған СЭС Солар-1, Жаңғыз Солар, KAZ SOLAR 50 (2019 жыл), Жерұйық СЭС, Шолаққорған СЭС, Сарань, М-КАТ ГРИН, Nomad Solar (2018 год), Гүлшат, Бурное-2, Құлан Солар (2016 жыл), Бурное-1 (2015 жыл), Ерейментау ВЭС (2013 жыл). 1 млрд АҚШ долларынан асатын осы жобалардың жалпы құнының 549,4 млн АҚШ долларына жуығы ЕҚДБ тарабынан қаржыландырылды. Сонымен қатар ЖЭК саласындағы белгіленген қуаттылығы 244,9 МВт 4 жобаны (Қапшағай СЭС, ТұрғысынГЭС, Астана-Экспо ВЭС, Жылға СЭС) ҚДБ қаржыландырады – олардың жиынтық құны 65 млрд теңге.

«Біз қазір Қазақстандағы ЖЭК жобалары үшін негізгі кредиторлар ЕҚДБ, ЕАДБ және АДБ сияқты ірі халықаралық қаржы институттары болып табылатындығын көріп отырмыз, бірақ олардың ұлттық валютадағы кредиттер бойынша пайыздық ставкалары әлі де жоғары. Өзіміз көріп отырғандай, ЖЭК бойынша тарифтердің төмендегенін ескере отырып, Қазақстанда ЖЭК жобалары үшін қолжетімді ұзақ мерзімді қарыздық қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша жеке бағдарлама әзірлеу жөніндегі жұмысты бастау қажет», - деп мәлімдеді Е.Біләлов.

Ол қазақстандық және шетелдік инвесторлар валюталық реттеуді және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын мұқият зерделеуі тиіс деп есептейді. Кедендік және салықтық инвестициялық преференциялар алу - жоба бойынша қаржылық көрсеткіштерді жақсарту үшін негізгі фактор болып табылады.

w4

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» Ғылыми-техникалық әзірлемелер (ҒТӘ) және Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) офисінің басшысы Гүлбазар Медиева атап өткендей, қазіргі уақытта қоғамдағы трансформациялау инклюзивті экономика үшін жаңа формациядағы кадрларды даярлау мен қайта даярлауда кейінге қалдыруға болмайтын шараларды талап етеді. Біздің Орталық әлемдік сарапшылар мен өндірістің үздік мамандарын тарта отырып, оқыту курстары мен вебинарларды өткізу арқылы мамандардың, әсіресе «жасыл» экономика саласындағы кәсіпқойлықтарын дамытуға бет алып отыр. Осылайша, Орталық экономиканың өнеркәсіптік және өндірістік секторларын жоғары кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету үшін уақыт талабына сәйкес әрекет етеді».

IGTIC осындай вебинарларды өткізу ісін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Ұйымдастырушылар туралы ақпарат:

IGTIC ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Астана-ЭКСПО 2017» көрмесінің инфрақұрылымы мен мұрасы базасында ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен  құрылды. Орталықты құру туралы бастама БҰҰ Бас Ассамблеясында 2015 жылы қыркүйекте мәлімденді. Орталықтың қызметі «жасыл» экономиканы инвестициялауға жағдай жасауға, жаңартылатын энергия көздерін енгізуге және экологиялық таза қалалық ортаны дамытуға бағытталған. Орталықтың БҰҰ ЕЭК, БҰҰДБ, IRENA, Ғаламдық жасыл өсу институты (GGGI), DENA, GIZ, RENAC халықаралық ынтымақтастығы  және WECOOP бағдарламасын үйлестіруі мына бағыттар бойынша семинарлар мен оқыту курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді: жаңартылатын энергетика, энергия үнемдеу және перспективті технологиялар, smart grid, «жасыл» құрылыс, инновациялық технологиялар және «жасыл» қаржыландыру.

RENAC жаңартылатын энергия көздері және энергия тиімділігі саласында оқыту бойынша қызметтердің жетекші халықаралық жеткізушілерінің бірі болып табылады. Негізгі қызметі жаңартылатын энергия көздері және энергия тиімділігі саласында консалтингтік қызметтер (оқыту, семинарлар, дәрістер және курстар) ұсыну, «жасыл» технологиялар саласында кадрлар мен сарапшылар даярлау болып табылады  (баламалы энергетикалық жүйелерді қаржыландыру, басқару, жобалау, бағалау, енгізу, жобалау және қызмет көрсету үшін қажетті белгілі бір дағдылар, сондай-ақ Smart Grid саласындағы жобаларды іске асыру бойынша консультациялар).

CARER республика аумағында күн электр станцияларын дамытуда, салуда, пайдалануға беруде және қызмет көрсетуде 8 жылдық тәжірибесі бар жаңартылатын энергия көздері саласындағы Қазақстан нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. CARER командасы Қазақстандағы ЖЭК жобалары үшін халықаралық қаржы институттары тарапынан алғашқы қарыз қаражатын тартуға қатысты. Қазіргі уақытта компания жобаны іске асырудың алдын-ала инвестициялық сатысында кешенді шешімдер ұсынады, ЖЭК жобалары үшін қарыздық қаржыландыруды тартуға жәрдемдеседі, инвестициялық преференциялар алумен, техникалық және салықтық консалтингпен, инженер-тапсырыс беруші қызметтерімен, ЖЭК объектілерін пайдалануға беруге жәрдемдесумен және т. б. айналысады.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЭК ЖОБАЛАРЫ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЫЗДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕУ ҚАЖЕТ ҚАЗАҚСТАНДА ЖЭК ЖОБАЛАРЫ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЫЗДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕУ ҚАЖЕТ
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан