• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Өндіріс секторындағы декарбонизация мәселелері Қазақстанның 7 өңірінде талқыланбақ

Өндіріс секторындағы декарбонизация мәселелері Қазақстанның 7 өңірінде талқыланбақ

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өнеркәсіп секторын декарбонизациялау бойынша тегін тренингтер легін өткізуді жоспарлап отыр. Тренингтерге қатысуға өнеркәсіптік және энергетикалық компаниялардың, қалалар мен аудандардың, көлік секторының жауапты техникалық және қаржылық мамандары, сондай-ақ көміртекті бейтараптандырудың заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқан барлық мамандар шақырылады. Тренинг нәтижесінде сіз:

  • Корпоративтік климаттық саясаттағы трендтер мен қаржыландыру көздері туралы білесіз
  • Өнеркәсіпті декарбонизациялаудың озық тәжірибелерімен танысасыз
  • Компанияңыз үшін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу қадамдарын әзірлеу және мерзімдерді белгілеу бойынша практикалық дағдыларды үйренесіз
  • Қазақстандағы озық климаттық мамандардың кәсіби қоғамдастығына қосыласыз
  • Парниктік газдарды корпоративтік есепке алу, климаттық тәуекелді бағалау және декарбонизация стратегияларын дайындау бойынша практикалық дағдыларды дамытасыз.

Тренингтердің бірінші кезеңі 11-13 қыркүйек аралығында өтеді:

1. Ақтау қ. – 11 қыркүйек сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін – Grand Hotel Victory (мәжіліс залы), 13-мөлтек аудан, 25А.

2. Атырау – 12 қыркүйек сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін – River palace қонақ үйі (мәжіліс залы), Әйтеке би 55.

3. Ақтөбе – 13 қыркүйек сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін – Dastan Hotel Aktobe (мәжіліс залы), Бөкенбай батыр 2.

Семинар форматы – стандартты емес – практикалық жағдаяттарды қарастыру кезінде шағын топтарда жұмысты қоса алғанда, кері байланыс элементтері бар ақпарат алудың интеграцияланған интерактивті әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылады; сонымен қатар оқуға ұсынылған тақырыптарды, бақылау сұрақтарын, тапсырмаларды және қосымша пайдалы ақпаратты меңгеру үшін қажетті материалдарды қамтитын, тіркелген қатысушыларға алдын ала жіберілген бірегей арнайы дайындалған оқу құралдары болады. Тренингтерге декарбонизация саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады, олар

өнеркәсіпті, энергетиканы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және парниктік газдар шығарындыларының жоғары үлесімен байланысты экономиканың басқа да салаларын декарбонизациялау бойынша практикалық жағдайларды талқылайды және ұсынады.

Қатысушыларға шығарындыларды азайту шараларын жүзеге асыру үшін Жасыл климаттық қордан қаражат тартудың нұсқалары мен мүмкіндіктері ұсынылады.

Неге бұл тренингтер маңызды? Декарбонизация немесе парниктік газдар (ПГ) шығарындыларының мөлшерін азайтуға бағытталған шаралар кешені бүгінгі күні өнеркәсіптік компаниялардың және тұтас мемлекеттердің дамуының өзекті үрдісіне айналып жатыр. Ол көміртегі бейтараптығын насихаттайтын компанияларға бірегей мүмкіндіктер мен бәсекелестік артықшылықтарды береді, атап айтқанда:

  • Компанияның капиталдандыруын арттыру;
  • Энергия шығындарын азайту (энергия тиімділігін арттыру және ЖЭК енгізу);
  • Өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • «Жасыл» капиталға қол жеткізу және «жасыл» инвестицияларды тарту;
  • Реттеуші органдардың талаптарын сақтау;
  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және қызметкерлерді ынталандыру.

Парниктік газдар шығарындыларының нөлдік деңгейіне көшу осы онжылдықта айтарлықтай жеделдеп, әлемдік экономиканың көптеген секторларына кері әсерін тигізеді. Көптеген компаниялар алдағы оқиғаларға дайын емес, өйткені оларда болашақ туралы негізделген шешімдер қабылдау үшін деректер мен аналитикалық құралдар жетіспейді. Осы кезде климат көшбасшылары қабілетті мамандарды тартып және сақтап, жоғары өсу қарқынына қол жеткізіп, шығындарды азайтады, тәуекелдерден аулақ болады, арзанырақ капиталға қол жеткізе алады және клиенттер үшін жаңа құндылық көздерін жасай алады. Климат көшбасшылары көбірек құндылық жасап қана қоймайды, сонымен қатар ойын ережелерін өзгертеді.

Қазақстандағы декарбонизация

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасында көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекітті. Стратегияның мақсаттарына қол жеткізу еліміздің өнеркәсіптік секторы мен энергетикалық жүйесін түбегейлі қайта құруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының өнеркәсібі экономикадағы барлық парниктік газдар (ПГ) шығарындыларының бестен бірінен астамын (21,6%) өндіреді. Бұл ретте қара және түсті металлургиядағы парниктік газдар шығарындылары 2020 жылы өнеркәсіптегі парниктік газдар шығарындыларының 70,4%-ын құрады.

Өнеркәсіптік процестерден болатын парниктік газдар шығарындыларының ең үлкен үлесі негізгі материалдар – цемент, алюминий, темір және болат өндірісінде болады. Қазақстанда бұл салалар өнеркәсіптік процестерден шығатын барлық шығарындылардың 91%-ын өндіреді (металлургияда 54,0% және минералды өнеркәсіпте 37,1%).

Энергетика секторы – Қазақстандағы парниктік газдар шығарындыларының ең үлкен көзі. 2020 жылы Қазақстандағы барлық жылдық парниктік газдар шығарындыларының 77,6%-ы (СО2-эквивалентінің 272,5 миллион тоннасы) қазба отындарын кеңінен пайдалану есебінен энергетика секторынан келді.

Энергетика саласына бастапқы энергия өндіру (мұнай, көмір, шымтезек, тақтатас, табиғи газ, қалдықтар, су энергетикасы, биомасса, жел, күн және геотермалдық энергия), тасымалдау, қайталама энергияға (электр, жылу, жанармай, дизель, сутегі, биоотын) айналдыру, тасымалдау және тарату кіреді.

Сандар көрсеткендей, бұл секторлардағы декарбонизацияның үлкен әлеуеті бар. Сондықтан осы секторлардың жауапты мамандарының қатысуымен тренингтер өткізу өте өзекті және төмен көміртекті даму саясатын ілгерілетуге, оның ішінде оны іс жүзінде жүзеге асыруға көшуге серпін береді.

Тренингтерді ұйымдастырушылар кәсіпорындарда төмен көміртекті шараларды жүзеге асыру үшін практикалық нұсқаулық ретінде декарбонизация бойынша жеті оқу модулін дайындады. Бұл оқу модульдері тренингтер барысында таратылады, сондай-ақ кейіннен https://www.igtipc.org/ru/ сайтында орналастырылады.

Тренингтер Ақтау (11 қыркүйек), Атырау (12 қыркүйек), Ақтөбе (13 қыркүйек), Өскемен (9 қазан), Павлодар (11 қазан), Қарағанды (12 қазан), Жезқазған (13 қазан) қалаларында өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін: «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Жобаларды басқару департаментінің қызметкерлері, тел: +7 707 833 2090, +7 778 075 8377

Өндіріс секторындағы декарбонизация мәселелері Қазақстанның 7 өңірінде талқыланбақ Өндіріс секторындағы декарбонизация мәселелері Қазақстанның 7 өңірінде талқыланбақ
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан