• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Көміртегі бейтараптығына талпыныс: Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялар

Көміртегі бейтараптығына талпыныс: Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялар

2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және қысқа/ұзақ мерзімде парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі климаттың өзгеруі және тұрақты даму бойынша инвестициялар мен гранттарды тарту, БҰҰ құрылымдары мен халықаралық ұйымдар қолдауына ие болу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіп жатыр. Сол жұмыстар аясындағы жобалардың бірі – Жасыл жұмыс орындарын құру үшін шағын және орта кәсіпорындарға (ШОБ) инновациялық кәсіпкерлік шешімдерді қолдауға арналған Қазақстандағы Жаһындық инновациялық бағдарламасы.

Қазақстан 2022 жылы Жаһандық таза технологиялар инновациялық бағдарламасына қосылды. Бұл бағдарлама Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік Даму Ұйымы (ЮНИДО) негізінде Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта Global Cleantech Innovation Program (GCIP) 16 елді біріктіреді, оның ішінде Молдова, Моңғолия, Түркия, Украина және Азия және Африка континенттеріндегі басқа да елдер де бар.

Дүниежүзілік қоғамдастыққа интеграциялану және инновациялық тәсілдер мен технологияларды ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына» осы жобаның атқарушы агенттігі ретінде әрекет етуге рұқсат берді.

Жобаның негізгі мақсаты – ШОБ және стартаптар арасында экологиялық таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды дамытуды жеделдету. Сонымен қатар жоба Қазақстандағы таза технологиялық инновациялар мен кәсіпкерліктің экожүйесін нығайтуға, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және ел экономикасының төмен көміртекті дамуын ынталандыруға саларалық және көп деңгейлі тәсілді қолдауға бағытталған.

Осы мақсатқа жету үшін жоба келесі үш компонент арқылы жүзеге асырылады:

  • Бастапқы кезеңдегі инновациялық таза технологияларды ауқымды кәсіпорындарға айналдыру;
  • Таза технологиялар саласындағы инновациялар мен кәсіпкерлік экожүйесін (Cleantech innovation and entrepreneurship ecosystem – CIEE) нығайту;
  • Жаһандық бағдарламамен іс-қимылдарды үйлестіру және сәйкестендіру.

Жоба 2022 жылдың қарашасында іске қосылғаннан бері стартаптар мен ШОБ субъектілерінен 70-тен астам өтінім келіп түсті. Олар жеті технологиялық бағытқа сәйкес келеді:

  • Жаңартылатын энергия көздері;
  • Энергия тиімділігі;
  • Суды тиімді пайдалану;
  • Қалдықтарды тиімді басқару;
  • Жетілдірілген материалдар мен химиялық заттар;
  • Экологиялық таза көлік;
  • Жасыл құрылыс.

Америкалық NGIN және CTG атты екі компания ЮНИДО координациясы бойынша алдын ала жеделдетуден жеңімпаздарды таңдауға дейінгі кәсіпкерлікті дамытудың кезеңдерін оқыту үшін жұмысқа тартылды. Олар халықаралық және ұлттық деңгейде пре-акселерация, акселерация, кеңейтілген акселерация және кейінгі акселерация бойынша оқыту курстарын ұсынады. 45-тен астам жас кәсіпкерлер мен стартаптар Жаһандық бағдарламаның веб-платформасында әртүрлі тақырыптар бойынша оқу модульдерін аяқтау үшін тіркелді. Ол модульдер: технологияларды тексеру, маркетинг, қаржыландыру, қор қалыптастыру, құқықтық аспектілер, корпоративтік серіктестіктер және т.б. Болашақта барлық қатысушыларға, соның ішінде мемлекеттік органдардың, инвесторлардың, бизнес құрылымдарының, университеттердің, стартаптардың және ШОБ субъектілерінің өкілдеріне де оқыту ұйымдастыру жоспарда бар.

Шағын және орта кәсіпорындар, соның ішінде жаңадан бастаған кәсіпорындар экономикасы дамушы кезеңдегі елдерде таза технологиялар секторын дамытуда шешуші рөл атқарады. Ұлттық қажеттіліктерді және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін түсіну ШОБ және стартаптарға нақты сұранысты қанағаттандыратын жасыл өнімдер мен қызметтерді ұсынудың бірегей мүмкіндігін береді. Әйелдердің бизнесті дамытудағы рөлін арттыруға және әйелдер кәсіпкерлігіндегі көшбасшылықты күшейтуге ерекше назар аударылады. Таза технологиялар саласындағы инновацияларды белсенді ілгерілету және енгізу Қазақстанның төмен көміртегі шығарындыларымен тұрақты дамуға қол жеткізудегі күш-жігерін одан әрі күшейтеді деп жоспарланып отыр.

Екінші компонент аясында ХЖТИЖО таза технологиялардың, инновациялардың және кәсіпкерліктің экожүйесін нығайту үшін барлық негізгі мүдделі тараптарды біріктіреді, яғни, барлық қатысушылармен, атап айтқанда өздерінің инновациялық идеяларын ұсынатын студенттермен және жас кәсіпкерлермен, өндіріс процестеріне таза технологияларды енгізуге мүдделі кәсіпорындармен, жабдықты сынақтан өткізу үшін ғылыми қауымдастықтармен, кәсіпорынның өсуі мен коммерцияландыру мүмкіндіктері үшін бизнес-компаниялар мен инвесторлармен, азаматтық қоғамды көтеру мақсатында мәміле үшін тиімді өзара әрекеттесуді

қалыптастырады. Құрылған экожүйе жас кәсіпкерлердің, тәлімгерлердің, мемлекеттік қызметшілердің, қаржы ұйымдарының өңірлік және халықаралық деңгейде елдердің басқа экожүйелерімен өзара әрекеттесу әлеуетін арттыруға көмектеседі. Бұл инновациялық экожүйе халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін инновациялық шешімдерді коммерцияландыру мақсатында технологиялық, ақпараттық және қаржылық ресурстарды біріктіреді.

Жалпы алғанда, Қазақстанның таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялар бағдарламасына қатысуы отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға, ел экономикасының дамуына серпін беретін жаңа «жасыл» жұмыс орындарын құруды жеделдетуге, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Тағы бір айта кетерлік жайт, GCIP – 2011 жылдан бері әлемнің 15 еліндегі 1250-ден астам шағын және орта бизнесті қолдаған, оның 35%-ын әйелдер басқарған және 1200-ден астам «жасыл» жұмыс орындарын құруға көмектескен табысты жаһандық бағдарлама.

Көміртегі бейтараптығына талпыныс: Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялар Көміртегі бейтараптығына талпыныс: Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялар
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан