Өндірістің ЕҚТ қағидаттарына өту кезеңі. Міндеттемелер мен артықшылықтар

Қазіргі таңда экология және тұрақты даму мәселелері барған сайын өзектілігі артып әрі ең үздік қолжетімді техникаларды (ЕҚТ) пайдалану мәселесі кәсіпорындардың даму стратегиясының құрамдас бөлігіне айналып жатыр. Бұл мәселенің өндірістік қызметтің қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға ұмтылатын Қазақстан үшін де маңызы зор.

Дегенмен, бірқатар кәсіпорындар ЕҚТ-ға көшу қажеттілігін жете түсінбей, экологиялық жағдайға кері әсер ететін ескірген технологияларды пайдалануды жалғастырып отыр.

Бұл мақалада біз ЕҚТ-ға қандай кәсіпорындар ауысуы керек екенін және олар осы қадамнан қандай артықшылықтарға ие болатынан қарастырамыз.

Ағымдағы жағдайды талдау Қазақстан Республикасында ескірген технологияларды пайдалануды жалғастыратын кәсіпорындар айтарлықтай мөлшерде екенін көрсетеді. Бұл экономиканың әртүрлі салаларына, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне, энергетика мен ауыл шаруашылығына қатысты.

Бұлай болуының бір себебі – құрал-жабдықтарды жаңартуға, жаңа технологияларды енгізуге қаржы ресурстарының тапшылығы. Көптеген кәсіпорындар заманауи жабдықты немесе инновациялық жүйелерді сатып алуға мүмкіндік жоқ деп санайды. Нәтижесінде олар ескірген өндірістік процестер деңгейінде қалады да, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігіне теріс әсер етеді.

Сондай-ақ, кейбір компаниялар ЕҚТ-ға көшу қажеттілігін түсінбейді. Олар өздерінің әдеттегі әдістері бойынша жұмысын жалғастырып, жаңа технологияларды қолданудың ықтимал артықшылықтарын елемейді. Заманауи технологияларға көшуді тежейтін фактор – экологиялық және энергия тиімділігі саласындағы хабардарлық пен білімнің жоқтығы.

Қазақстанда ЕҚТ қағидаттарына көшудің заңнамалық негіздері.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) және Еуропалық Одақтың (ЕО) озық тәжірибесіне негізделген Қазақстан өнеркәсібінің ЕҚТ қағидаттарына көшу талаптары қарастырылған. Бұл талаптар кешенді экологиялық рұқсаттарды (КЭР) жүзеге асырудың міндетті ережелерін белгілейді және өндірістік сектордағы ірі объектілерге қатысты ЕҚТ қолдану принциптерін белгілейді.

Халықаралық тәжірибедегі бұл тәсілдің негізі, ең алдымен, ЕО-ның 2010/75/EU Кешенді алдын алу және бақылау жөніндегі Директивасы және ЭЫДҰ Кеңесінің ластануды кешенді алдын алу және бақылау жөніндегі ұсынымдарының шешімі.

Қазіргі уақытта өндірістік сектордың қоршаған ортаға әсері үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан күшейтумен байланысты ЕҚТ енгізу және КЭР алу қажеттілігі мәселелері өте өзекті болып отыр.

Осылайша, экологиялық заңнамада КЭР алу міндеттемесі және тиісінше 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін пайдалануға берілген қолданыстағы объектілер үшін ЕҚТ енгізу мәселесі қарастырылмаған. Дей тұрғанмен, мұндай объектілердің операторлары, сондай-ақ басқа санаттағы объектілердің операторлары ерікті негізде КЭР алуға құқылы.

Десек те, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау/жаңғырту кезінде, сондай-ақ жаңадан іске қосылған I санаттағы кәсіпорындар үшін бұл 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті талапқа айналады.

КЭР алу үшін төмендегі талаптар міндетті болып саналады:

- Үкімет қаулысымен бекітілген ЕҚТ бойынша қорытындылар (тиісті қолдану саласы бойынша);

- жоғарыда аталған қорытынды болмаған жағдайда – ластануды кешенді бақылау және алдын алу жөніндегі Еуропалық бюро шеңберінде әзірленген, оларды қолданудың тиісті салаларына арналған ЕҚТ бойынша анықтамалықтар, сондай-ақ Еуропалық комиссияның бекіту туралы шешімдері бойынша оларды қолданудың тиісті салаларына арналған ең үздік қолжетімді әдістер туралы қорытындылар (BREF/BAT).

Сонымен қатар, ЕҚТ қорытындылары немесе ЕҚТ анықтамалықтары объект операторларына қолданылатын технологиялар мен әдістерді таңдауда шектеу қоймайды. Басқа әдістерді ЕҚТ-ға қатысты эмиссия деңгейіне және процестің өнімділігіне қол жеткізу үшін пайдалануға болады.

 

Үздік тәжірибелер: ең үздік қолжетімді техникаларды қолданудың Қазақстандағы үздік үлгілері

Соңғы жылдары Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға бағытталған экологиялық саясаттың белсенді дамуы байқалады. Осы саясаттың аясында еліміздегі көптеген кәсіпорындар ЕҚТ жүйесіне көшіп жатыр.

ЕҚТ енгізудің озық тәжірибелері Қазақстанда қазірдің өзінде бар және басқа кәсіпорындарға үлгі бола алады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан ауқымды да табысты жобалардың бірі – мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында кәсіпорын ластаушы заттардың шығарындыларын айтарлықтай азайтты. Бұл ретте шикізаттың бірдей көлемімен жоғары сапалы тауарлық өнімдер (күкірт пен зиянды канцерогендердің мөлшері аз) өндіру ұлғайтылды.

ЕҚТ табысты жүзеге асырудың тағы бір мысалы мырыш өнімдерін өндіруге маманданған «Қазцинк» кәсіпорны. Кәсіпорынды жаңғырту оның экологиялық тиімділігін айтарлықтай арттыруға және қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға мүмкіндік берді.

Ең үздік қолжетімді техникаларға көшудің артықшылықтары: экономикалық және эколгиялық әсер

ЕҚТ-ға көшу Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындар үшін көптеген жеңілдіктерге ие. Негізгі артықшылықтардың бірі – экономикалық тиімділік. ЕҚТ енгізу кәсіпорындарға энергияның, шикізат пен материалдардың өзіндік құнын төмендетуге, сонымен қатар өнімділік пен өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл компанияның табысы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі.

Сонымен қатар, ЕҚТ-ға көшу қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етеді. Неғұрлым тиімді технологияны пайдалану зиянды заттардың шығарындыларын және қоршаған ортаның ластануын азайтады. Бұл табиғи ресурстарды сақтауға, ауа мен су сапасын жақсартуға және адам денсаулығын сақтауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, ЕҚТ-ға көшу кәсіпорынның қоршаған ортаға жауапты ұйым ретіндегі жалпы имиджін жақсартуға көмектеседі. Бұл тұрақты дамуды және қоршаған ортаға қамқорлықты бағалайтын жаңа клиенттерді, инвесторларды және серіктестерді тарта алады.

Аталған, артықшылықтар Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын ең үздік қолжетімді техникаға көшуге шақыра алады.

Өндірістің ЕҚТ қағидаттарына өту кезеңі. Міндеттемелер мен артықшылықтар Өндірістің ЕҚТ қағидаттарына өту кезеңі. Міндеттемелер мен артықшылықтар
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан