"Жасыл технологиялар балалар көзімен - 2023" балалар сурет байқауы

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ және «Балалар әлемді бейнелейді» Қоғамдық Қоры жеті жастан он жеті жасқа дейінгі барлық балалар мен мектеп оқушыларын «Жасыл технологиялар балалар көзімен – 2023» сурет байқауына қатысуға шақырады.

Байқау Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Дүниежүзілік балаларды қорғау күні аясында өткізіледі және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық мәселелерге назарын аударуға, сондай-ақ ата-аналар мен балаларды отбасының ұтымды демалыс, бірге уақыт өткізу үлгілерімен таныстыруға бағытталған.

1. Байқаудың мақсаты:

1.1. Экологиялық өзіндік сананы тәрбиелеу, экологиялық мәселелерді шешуде шығармашылық әлеуетті белсендіру;

1.2. Балалардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және жүзеге асыру;

1.3. Экологиялық мәдениетті және тұрақты даму туралы негізгі идеяларды қалыптастыру.

2. Байқаудың жалпы ережелері

2.1. Осы ереже «Жасыл технологиялар балалар көзімен – 2023» байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру, өткізу және қорытындылау қағидаттарын белгілейді;

2.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу оған қатысушылардың қоғамдық қолжетімділік, ашықтық, объективтілік және шығармашылық еркіндік қағидаттарына негізделеді;

2.3. Байқауға Қазақстан азаматы болып есептелетін және Қазақстан аумағында тұратын 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатысады;

2.4. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын қоғамдық игілігіне пайдалана алады;

2.5. Байқауға қатысу бойынша барлық шығыстарды, оның ішінде конкурстық жұмыстарды дайындауға байланысты шығындарды қатысушы өз бетінше көтереді;

2.6. Жеңімпаздар Байқау қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады;

3. Конкурсты ұйымдастырушылар

3.1. Байқауды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ және «Балалар әлемді бейнелейді» Қоғамдық Қоры (бұдан әрі – Ұйымдастырушылар) );

3.2. Ұйымдастырушылар байқау аясындағы іс-шараларға жалпы басшылықты, бақылауды және жедел басқаруды жүзеге асырады;

3.3. Ұйымдастырушылар конкурс туралы ережені www.igtipc.org сайтында орналастырады және оның сақталуын бақылайды;

3.4. Ұйымдастырушылар байқаудың қазылар алқасының құрамын бекітеді. Қазылар алқасына басқа ұйымдар өкілдері шақырылады;

3.5. Ұйымдастырушылар байқау жеңімпаздарын онлайн марапаттау рәсімін ұйымдастырады және конкурс жеңімпаздарын сыйлықтар мен дипломдармен қамтамасыз етеді;

3.6. Ұйымдастырушылар конкурсты өткізу тәртібін белгілейді және нәтижелерін тіркейді;

3.7. Ұйымдастырушылар конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздардың конкурстық жұмыстарының есебін жүргізеді;

3.8. Ұйымдастырушылар қатысушылардан көрмелер мен басқа да іс-шараларға арналған үздік жұмыстардың түпнұсқаларын сұратуға құқылы;

3.9. Үздік жұмыстардың авторлары өз жұмыстарын пошта арқылы жіберіп, суреттерді жеткізу барысындағы шығындарды өз беттерінше көтереді;

4. Жеңімпаздарды марапаттау

4.1. Жалпы жүлде қорын «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ-қа бөледі;

4.2. Байқаудың қазылар алқасы барлық қатысушылардың арасынан 10 үздік жұмысты анықтап, олардың авторларына дипломдар мен арнайы сертификаттарды табыстайды;

4.3. Жеңімпаздар онлайн марапатталады. Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне ZOOM арқылы онлайн қосылуы керек (сілтемені байқауды ұйымдастырушылар алдын ала жібереді).

5. Байқаудың мерзімі мен шарттары

5.1. Жұмыстар 2023 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады. Қорытынды 2023 жылдың 27 маусымында шығарылады; 5.2. Байқауға қатысу үшін суреттің сканерленген файлын org@drmfund.com электрондық поштасына жіберу керек.

5.3. Сурет A4 немесе A3 пішімінде болуы және кемінде 300 dpi сапасында сканерленген болуы керек;

5.4. Әрбір қатысушы тек 1 (бір) жұмыс жібере алады. Суретті қатысушы өзі салуы және бұрын басқа баспа және/немесе интернет-басылымдарда жарияланбауы керек;

5.5. Суреттің идеясын Қатысушы өзі ойлап салуы керек. Көшіріп салынған суреттер қабылданбайды;

5.6. Байқауға өтінімді жіберу кезінде Қатысушы 1-қосымшаны толтыруы қажет;

5.7. Жұмыстың мазмұны мен байқаудың жалпы тақырыбы, сондай-ақ жоғарыда аталған талаптар сәйкес келмеген жағдайда, байқауды ұйымдастырушылар оларды одан әрі қатысудан шеттету құқығын өзіне қалдырады.

6. Байқаудың қазылар алқасы және конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері

6.1. Қазылар алқасының құрамын байқауды ұйымдастырушылар бекітеді;

6.2. Қысым көрсету фактілерін болдырмау үшін қазылар алқасының құрамы қорытынды шығарар алдында жарияланбайды;

6.3. Қазылар алқасы жұмыстардың байқау шарттарына сәйкестігін тексереді;

6.4. Қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын таңдау критерийлерінің бірізділігін қамтамасыз етеді;

6.5. Бағалау критерийлері:

- байқау тақырыбына сәйкестігі;

- тақырыптың өзіндік ерекшелігі, креативтілігі және ашылуы;

6.6. Конкурстық жұмыстарды бағалау екі кезеңде жүзеге асырылады:

- Бірінші кезең: Қазылар алқасы екінші кезеңге қатысу үшін ең перспективалы жұмыстарды ұжыммен таңдайды;

- Екінші кезең: Қазылар алқасы 0-ден 10 балға дейінгі бағалау критерийлеріне сәйкес екінші кезеңге таңдалған жұмыстарға сараптамалық бағалау жүргізеді. Жеңімпаздар әділ қазылар алқасының барлық мүшелерінің барлық бағалау критерийлері бойынша алған ең жоғары жалпы ұпайлары бойынша анықталады;

6.7. Байқаудың қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.

Қосымша сұрақтар бойынша «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ баспасөз хатшысы Индира Жұмагелдіге +7 (775) 000-75-98 немесе PR-менеджер Назерке Сайлауоваға +7 (705) 474-41-54 хабарласыңыз.

1 Қосымша*

"Жасыл технологиялар балалар көзімен - 2023" балалар сурет байқауы "Жасыл технологиялар балалар көзімен - 2023" балалар сурет байқауы
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан