Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

 2022 жылғы 16 наурызда Ереншінов Данияр Қағазбекұлы IGTIC Тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметінен өз еркімен кетті.

Директорлар Кеңесінің барлық мүшелері және IGTIC ұжымы атқарылған жұмыс үшін Данияр Ереншіновке алғыс айтып, қысқа мерзім ішінде Директорлар кеңесі Төрағасының стратегиялық пайымының арқасында IGTIC әсерлі нәтижелерге қол жеткізе алғанын атап өтті.

Өткен кезеңде Ереншіновтің тікелей қатысуымен халықаралық корпоративтік басқару талаптарына сәйкес Ұйымдық құрылым толығымен жаңартылды, WECOOP, UBA, CITEPA сияқты ірі халықаралық ұйымдармен, ЭЫДҰ елдерінің сарапшылық қоғамдастығымен ынтымақтастық орнатылды және ең бастысы, ҚР-ның ең үздік қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) қағидаттарына көшуі бойынша негіз қаланды. Өңірлік және халықаралық бастамаларды ілгерілету үшін, жаңа әріптестік байланыстарды жолға қою, сондай-ақ Қазақстанның «жасыл» имиджін қалыптастыру және инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында шетелдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болған бірқатар халықаралық іс-шаралар мен конференциялар өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ереншінов Данияр Қағазбекұлы 2020 жылдың мамыр айында IGTIC Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ереншінов Данияр Қағазбекұлының жоғары басқарушылық және заңгерлік білімі бар. Техника ғылымдарының докторы, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапатталған.

Алты жылдан астам «РФММ түлектер қоры» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы қоғамдық қызметін атқарды. Екі жарым жылға жуық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бір жылдай басқарды.

Еңбек өмірбаянының көп бөлігінде жеке өндірістік бизнесті басқарды және «Young Presidents' Organization (YPO)» бизнесмендердің халықаралық қоғамдық қауымдастығының мүшесі болды.

Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан