Жылдық есеп 2019

Құрметті оқырман!
«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КЕАҚ алғашқы жылдық есебін назарыңызға ұсынып отыр.

Біздің Орталық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамбеясының 70-ші мерейтойлық сессиясында ұсынған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымы мен мұрасын дамыту жөніндегі жүзеге асырылған бастамасымен, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі Қаулысымен құрылды.

Құрылғаннан бергі аз ғана уақыт ішінде Орталық «жасыл» технологияларды насихаттайтын әлемдік қауымдастықта танылып үлгерді. Бірлескен жобаларды іске асыру және өз қызметімізді ілгерілету мақсатында біз әлемнің жетекші салалық орталықтарымен, халықаралық ұйымдармен, компаниялармен, «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды тартуға маманданған қаржы және ғылыми-зерттеу институттарымен әріптестік қарым-қатынас орнаттық.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы UNIDO CleanTech Жаһандық инновациялық таза технологиялар бағдарламасының бас операторы, сондай-ақ WECOOP жобасының Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау саласындағы ЕО-Орталық Азия платформасының Ұлттық үйлестірушісі болды. Мұның бәрі халықаралық қауымдастықтың бізге деген сенімінің дәлелі.

Мемлекет басшысы бастаған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету аясында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орталыққа бас оператор қызметін табыстады.

Экологиялық таза технологияларды жедел енгізуді ынталандыру мақсатында Қоғам ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп нысаналы технологиялық бағдарламалардың бірі шеңберінде ХЖТИЖО жанынан Greentech инновациялық кластерін құру мәселесін пысықтады.

Бүгінде Қазақстанның алдында тұрақты, балансталған ауқымды «жасыл» өсу міндеті тұр. Мемлекеттік қаржы мекемелері мен жеке сектор «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі іс-шараларға қаражатты инвестициялауға қызығушылық танытуда.

Алайда қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі, сондай-ақ инвестицияларды ынталандыру үшін жалпы қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі саясат шаралары Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикасына көшу жөніндегі тұжырымдамада көзделген мақсаттар мен жобаларды қосымша қаржыландыруды жұмылдыру үшін жеткіліксіз.

Орталық акционерлермен бірге «жасыл» технологияларды пайдалануды ынталандыру бойынша бірқатар жаңа бастамалар ұсынды.

2019 жылдың соңында біз «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Даму стратегиясын бекіттік, оны іске асыру елдің «жасыл» экономикасының негізгі драйвері болуға мүмкіндік береді.

 Құжатты жүктеу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз

esep2019 



Жылдық есеп 2019 Жылдық есеп 2019
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан