• Басты бет
  • Баспасөз хабарламалары
  • Данияр Ереншінов Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) Директорлар кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды

Данияр Ереншінов Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) Директорлар кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды

danyar

Бүгін, 2020 жылғы 21 мамырда, Нұр-Сұлтан қаласында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (IGTIC) акционерлерінің жалпы жиналысы өтті. Акционерлердің шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметіне Ереншінов Данияр Қағазбекұлы тағайындалды.

Данияр Ереншіновтің Қазақстанның әртүрлі компаниялары мен ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі мол. 2016 және 2017 жылдар аралығында ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетін басқарды (2013-2014 жж.).

1994 және 1999 жылдары «Казсельмаш» ЖШС өткізу бөлімінің бастығы, филиалдардың істері басқармасының бастығы және директоры болып қызмет атқарды.

1999 жылы «Резерв» РМК № 1 басқармасы бастығының орынбасары болды.

2000 – 2001 жылдары - «Астана-Финанс» ААҚ корпоративтік қаржы бөлімінің бастығы, Басқарма мүшесі.

2001 – 16.10.2002 жылдары - «Сеймар» ААҚ басқарушы директоры.

2002 – 2007 жылдары - «Казовощпром» компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Эталон» Алматы зауыты» ЖШС Қадағалау кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды (2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).

Мемлекеттік наградалары және құрметті атағы бар, атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2012 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2013 ж.), «Үздік эколог» төсбелгісімен (2018 ж.) наградталған.

Білімі:
- 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті, «Өндірісті басқару және ұйымдастыру» мамандығы;
- 1999 жылы Д.А.Қонаев ат. Гуманитарлық университет, «Заңгер-құқықтанушы» мамандығы;
- 2012 жылы Lee Kuan Yew School of Public Policy & Nazarbayev University, Executive Programme on public policy and management
- 2012 жылы техникалық ғылым докторы

IGTIC MEDIA
Халықаралық жасыл технологиялар және
инвестициялық жобалар орталығының
Баспасөз қызметінің басшысы
Жамиля Нашекен
 Мобильді телефоны: +7 701 741 10 07
Email: pr@igtipc.org
Website: www.igtipc.org

 

Данияр Ереншінов Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) Директорлар кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды Данияр Ереншінов Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) Директорлар кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан