Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (Орталық) Жасыл ДЗМҰ (Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы) – WIPO GREEN серіктесі болды
Орталық пен WIPO GREEN арасындағы серіктестік «жасыл» технологияларды коммерцияландыру және трансферті, сондай-ақ Орталық пен ДЗМҰ платформаларында патенттелген технологияларды бірлесіп ілгерілету салаларын қамтиды. Бұл ретте бизнестің нақты сұранысымен Қазақстанға озық шетелдік технологияларды тарту және шетелдік нарықтарда отандық технологияларды ілгерілету мүмкіндігі пайда болады.
Орталық Жасыл ДЗМҰ-мен бірге Зияткерлік Меншікті ілгерілету және Коммерцияландыру жолындағы маңызды мақсаттарға қол жеткізуде табысты ынтымақтастық болады деп үміттенеді!
Анықтама: «WIPO GREEN» платформасы қолданыстағы экологиялық таза технологиялар туралы білім мен олардың қолжетімділігін арттыруға арналған, бір жағынан климат өзгерістеріне байланысты белгіленген технологиялық міндеттерді ескере отырып шешімдерді іздеуге көмектессе, екінші жағынан қосымша нарықтық және серіктестік басымдықтарды көздейді. Оған қолда бар технологияның, ноу-хаудың және «технология жеткізушілері» тәжірибесінің «технология іздеушілердің» қажеттіліктеріне сәйкес болуы арқылы қол жеткізіледі.
https://www3.wipo.int/wipogreen/en/