Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН – 30-дан астам ұлттық сарапшы, министрліктер және өндіріс өкілдері Еуроодақтың (ЕО) тәжірибесімен танысып, су сапасын бақылау негіздерін үйренді.   Оқытуды Қазақстанның су сапасын бақылау әлеуетін көтеру мақсатымен ЕО қаржылық демеуімен және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) ынтымақтастығымен WECOOP жобасы тарапынан ұйымдастырылды. 

Орталық Азия су қоймаларындағы су сапасы бірнеше онжылдық бойы нашарлап келеді. БҰҰ ЕЭК (Еуропалық экономикалық комиссия) жүзеге асырып жатқан Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталық пен мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылық комиссияның ғылыми-ақпараттық орталығының «Орталық Азиядағы су сапасы» жобасын жүзеге асыру барысында алған мәліметтер бойынша, соңғы 5 жылда су сапасы нашарлаған су нысандарының көлемі екі есе артқан. (http://www.cawater-info.net/water_quality_in_ca/kaz.htm). Қазақстан аумағында 2015 жылы зерттелген ауыз су көздерінің жалпы көлемінен тек 7 өзен суы «нормаға сай» деп бағаланды. Ал 42 өзен суы «орташа ластанған және 24 өзен «қатты ластанған» деп бағаланды.

ЕО мүше елдер су бұлақтарының ластануын болдырмау шараларын сәтті жүзеге асыруда. ЕО бірқатар директивалары: су бойынша Жиектемелі директива, ауызсуы бойынша директива, қалалық ағын сулар туралы директива, шомылатын су директивасы және тағы басқа осылармен байланысты шаралар ауыз су  сапасы көрсеткішінің міндетті мақсаттық көрсеткіштерді айқындайды және кез келген ластанған су бұлағының суын пайдалану барысында салдарынан адам денсаулығына нұқсан келуінен қорғау жолдары қарастырылған. Мұндай көрсеткіштер қоршаған ортаны қалалық және өндірістік ағын сулардың зиянды әсерінен қорғау мақсатында бекітілген. Директивалар ЕО деңгейінде маңызды стандарттарды бекітеді. Онда мүше елдердің және комиссияның міндеттері, жоспарлау принциптері, реттеу, мониторинг жүргізу және ақпараттандыру мәселелерінің барлығы жазылған. Директивалар да үнемі тұтынушыларға ақпарат беруге міндетті және Еуропалық комиссия алдында есеп береді.

Йоханнес Стенбек Мадсен мырза, ЕО мүшесінің Қазақстандағы ынтымақтастық бөлімінің басшысы: «Орталық Азия мемлекеттері үшін су сапасы күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Біз ЕО жинақтаған су ресурстары сапасын басқарудағы тәжірибемізбен қуана бөлісеміз. Оның ішінде ауызсумен қамсыздандырушы су бұлақтарындағы су сапасын реттеуде. Сондай-ақ Қазақстан сарапшылары мен өкілетті тұлғаларға су секторында жүргізіліп жатқан реформалардың ең тиімді халықаралық тәжірибелерін пайдаланып әлеуеттерін арттыруға көмектесуге әзірміз».

Гауһар Бейсеева, IGTIC басшысының орынбасары: «Су ресурстары мәселесі мен су сапасы Қазақстандағы көкейтесті мәселе және батыл шешімдерді талап етеді. Бұл туралы Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту концепциясы сияқты бағдарламалық құжатында, Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының жолдауында, «Қазақстан-2050» стратегиясында және т.б. құжаттарда айтылған. Қазақстандағы су нысандарын сақтау және су сапасын арттыру біздің орталықтың  негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы салада халықаралық тәжірибені енгізу жұмыстарын жалғастырмақпыз. Осыған орай ЕО бастамасымен профильді мекеме қызметкерлерін тартып, осындай жаттығу-тренингтерін өткізу еліміздегі су ресурстарын бақылау жүйесінің сапасын арттыруға көмектеседі».

2018 жылдың қазанынан бері 200 аса сарапшы, үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті жеке компаниялар Алматы, Ашхабад, Бішкек, Ташкент қалаларында әлеуетті арттыру жөніндегі 10 аса семинарға және ЕО қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған WECOOP-ның Вена қаласындағы 1 оқу сапарына қатысты. 

Анықтамалық ақпарат: Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық платформасы ОА мемлекеттерімен келісілген Орталық Азия үшін ЕО стратегиясы негізінде 2009 жылы Римде (Италия) ЕО-ОА жоғары деңгейдегі (министрлік) конференцияда құрылды. ЕО-ОА қоршаған ортаны қорғау және климатты өзгерту жөніндегі жұмыс тобы ЕО-ОА өңірлік ынтымақтастығы саласындағы басым іс-қимылдарды айқындауға көмектеседі және өңірлік деңгейде, сондай-ақ ЕО мен ОА арасында диалог пен ынтымақтастықты нығайту жолымен Платформаны қолдайды. ЕО-ОА қоршаған ортаны қорғау және климат өзгеруі жұмыс тобы (ҚОҚКӨЖТ) Италияның қоршаған ортаны, жер және теңіз ресурстарын қорғау министрлігінің төрағалығымен ЕО-ОА аймақтық ынтымақтастық саласында негізгі әрекеттерді анықтауға көмектесіп, диалогты нығайту мен аймақтық деңгейде әрекет ету негізінде ЕО пен ОА платформасын нығайтады. WECOOP жобасы (www.wecoop2.eu), екінші кезеңі 2016 жылғы тамызда Еуропалық одақпен іске қосылды. Жоба Орталық Азиядағы серіктестер арасындағы диалог пен орнықты дамуды нығайтуды жалғастыруға және олардың қоршаған ортаны қорғау және климатты өзгерту мәселелерінде ЕО-мен ынтымақтастығына жәрдемдесуге бағытталған.

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары:

Жамиля Нашекен, PR Manager IGTIC

+ 7 701 741 10 07 (WhatsApp)

zhamilyanasheken@gmail.com

Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан