Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ЕО өкілдерімен кездесу өткізді

whatsapp image 2022 10 14 at 18.11.09

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (МЗТИП) Еуропалық Одақпен (ЕО), оның ішінде "Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық" (WECOOP) жобасы шеңберінде екіжақты ынтымақтастығын кеңейту мәселелері ЕО өкілдерінің Қазақстанға сапары барысында талқыланды.

WECOOP жобасы ЕО стандарттарына жақындату арқылы Орталық Азиядағы қоршаған орта, климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы саясатты жақсартуға, сондай-ақ көмірқышқыл газы шығарындыларын қоса алғанда, адам әрекетінен туындаған ластануды айтарлықтай азайтуға қол жеткізу мақсатында экономиканың тиісті секторларына "жасыл" инвестицияларды ынталандыруға бағытталған. Бұл платформа ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясын іске асыру үшін ынтымақтастық шеңберін білдіреді.

whatsapp image 2022 10 14 at 18.11.11

Диалог барысында еуропалық тарап қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қолда бар жоспарлар, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар туралы өзекті ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің бағдарламалары бойынша үйлестіруші Роберт Брудзынский WECOOP ынтымақтастық платформасының мандатын кеңейту мәселесін көтерді. Оларға платформаның жұмысына энергетикалық сектор саласын қосу ұсынылды.

Сондай-ақ, ҚДТ саласындағы ынтымақтастық, атап айтқанда Қоршаған орта сапасының нормативтері бойынша бірлескен оқыту мәселелері қозғалды. Айта кету керек, WECOOP жобасы аясында МДЗТИП ҚДТ анықтамалықтарын әзірлеу бөлігінде халықаралық сараптамалық қолдау көрсетеді.

whatsapp image 2022 10 14 at 18.11.10

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға және осындай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін бірлескен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға келісті.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ЕО өкілдерімен кездесу өткізді Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ЕО өкілдерімен кездесу өткізді
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан