ХЖТИЖО Орталық Азиядағы жаңа экологиялық дүкеннің ашылуына қатысты

90ce8750 e5cf 4d1f 8cd6 8c713c0bf169

Қарағандыда баламалы энергия көздерінінің және энергия тиімділігінің инновациялық технологияларынының негізінде жұмыс істейтін нысан алғаш рет пайдалануға берілді. Жобаны Қазақстанның TECHNODOM электр тұрмыстық және компьютерлік техникасының желісі іске асырды.

Компания басшылығының айтуынша, жаңа дүкенде ғимаратты жылытуға, желдетуге және ауа баптауға арналған терең ұңғымалар мен жылу сорғылары пайдаланылған. Шатырда орналасқан күн батареялары пайдалануға қажетті электр энергиясының 75% - ын дербес өндіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жылыту және ыстық су шығындарын оңтайландыру бойынша шаралар қолдануға, сондай-ақ электрмен жабдықтау шығындарын барынша азайтуға мүмкіндік берді.

«Біз үшін компанияда қоршаған ортаға қамқорлық жасау - негізгі басымдықтардың бірі. Біз барлық салада саналы тұтынуды қолдаймыз. Сондықтан Қарағандыдағы дүкеніміз үшін концепт таңдап, энергия тиімді ғимараттарды құру бойынша шетелдік әдістер мен шешімдерден шабыт алдық», – деп хабарлайды компанияның негізін қалаушы Эдуард Ким.

Қабылданған инновациялық шешімдер қоршаған ортаға кері әсерді төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар заманауи басқару құралдары, ғимараттың тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелерінің жұмысын тиімді бақылау және оңтайландыру есебінен ғимаратқа қызмет көрсетуге арналған пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

«Біз бұл нысан жасыл технологияларды ілгерілетуге мүмкіндік беретін барлық бизнестің тағы бір белгісі болады деп үміттенеміз. Әрине, технологиялық дүкен технологиялық болуы керек. Шын мәнінде, бұл нысанның Қарағандыда ашылуы өте маңызды. Өйткені Қарағанды өңірі атмосфералық ауаға үлкен жүктемені бастан кешуде. Біз осындай нысандар неғұрлым көп болса, әрқайсымыз, ең алдымен, бизнес қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесімізді қосатынымызды түсінуіміз керек», - деп толықтырды ХЖТИЖО жасыл технологиялар департаментінің директоры Нұрай Сатимов.

Орталық жасыл технологияларды пайдалана отырып және жасыл стандарттарды қолдану қағидатына негізделген объектілердің құрылысы -  кәсіпкерлердің Қазақстанда әлеуметтік және экологиялық жауапты болуға ұмтылысын растайды деп санайды.

5b30ed50 1103 4fe2 8812 b5265235338b

ХЖТИЖО Орталық Азиядағы жаңа экологиялық дүкеннің ашылуына қатысты ХЖТИЖО Орталық Азиядағы жаңа экологиялық дүкеннің ашылуына қатысты
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан