Қазақстан мен Польша: ЕҚТ бойынша тәжірибе алмасу

2021 12 07

2021 ж. 29 қарашасында Қазақстандық ЕҚТ бюросы ХЖТИЖО КЕАҚ базасында Польшаның климат және қоршаған орта министрлігімен кездесу өткізді. Кездесуді Қазақстанның Польшаға Елшілігі ұйымдастырды. Кездесуге Министрліктің польшалық сарапшылары, электр станциялары қауымдастығының өкілдері және көмір өндірумен айналысатын Polska Grupa Gornicza компаниясының өкілдері қатысты. Кездесуде Польша тарабы ЕҚТ қолдану тәжірибесімен, әсіресе энергетика секторындағы тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ ЕҚТ бойынша қорытындыларға қатысты Еуропалық Одақ ішіндегі даулы мәселелер талқыланды. Польша ЕҚТ Ұлттық бюросы ЕҚТсаласында тәжірибе алмасу үшін байланыс орнатқан алғашқы елдердің бірі болып табылады, екі тарап одан әрі ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Мәлімет үшін, Польшаның энергетикалық секторында отын базасының басым бөлігін көмір құрайды, бұл Қазақстандағы энергетикалық жағдайға ұқсас. Сондықтан, Қазақстанның сарапшылық қоғамдастығы үшін Польшаның ЕҚТ және энергияның баламалы көздеріне көшу жөніндегі тәжірибесін зерделеудің стратегиялық маңызы бар.

2021 12 07 1

Қазақстан мен Польша: ЕҚТ бойынша тәжірибе алмасу Қазақстан мен Польша: ЕҚТ бойынша тәжірибе алмасу
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан