KAZENERGY-2021 ұлттық энергетикалық баяндамасының бесінші шығарылымы жарияланды

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ KAZENERGY-2021 ұлттық энергетикалық баяндамасының кезекті, бесінші шығарылымының тұсаукесерімен және ресми жариялануымен құттықтайды.

Баяндаманың талдамалық зерттеулеріне мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен салалық компаниялардың атынан өкілдік ететін ұлттық және халықаралық сарапшыларды көптеп тарту Қазақстанның экономикасы мен энергетикасына Баяндама шеңберінде жасалған талдауды жан-жақты әрі ауқымды етті.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ авторларға баяндаманы әзірлеуге үлес қосуға мүмкіндік бергені және Орталықтың жұмысына жоғары баға бергені үшін алғыс білдіреді. Қазіргі жағдайда экологиялық сұраныстар  мен талаптар өнеркәсіпті дамытудың ажырамас бөлігі болып отыр, ал ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қабылданған жаңа Экологиялық кодекстің барынша өршіл аспектісін білдіреді.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-мен ортақ стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ерекше маңыздылығын ескере отырып, өзара қалыптасқан байланыстарды нығайтуға ұмтылады және қауымдастыққа одан әрі өсіп-өркендеу  тілейді.

KAZENERGY-2021 ұлттық энергетикалық баяндамасының бесінші шығарылымы жарияланды KAZENERGY-2021 ұлттық энергетикалық баяндамасының бесінші шығарылымы жарияланды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан