2021 жылғы 21 қазанда экология саласындағы аса маңызды оқиғалардың бірі өтті.

WhatsApp Image 2021 10 22 at 151720

Ең үздік қолжетімді техникалар комитетінің отырысында алғашқы 4 ЕҚТ анықтамалығы мақұлданды:

  • «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу»
  • «Цемент және әк өндірісі»
  • «Мұнай және газ өңдеу»
  • «Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі».

Анықтамалықтар өнеркәсіптік кәсіпорындардың - негізгі ластағыштар қатарына кіретін ТОП 50 кәсіпорынның кешенді технологиялық аудитінің нәтижелері негізінде әзірленді.

Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің қағидаттарының бірі - "ластаушы төлейді", онда I санаттағы ТОП–50 объектілері үшін 2025 жылдан бастап, ал I санаттағы қалған барлық объектілер үшін 2031 жылдан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру көзделген.

Егер кәсіпорындар ЕҚТ қағидаттарына көшпесе, эмиссия үшін төлемақы ставкалары: 2025 жылдан бастап 2 есе, 2028 жылдан бастап 4 есе, 2031 жылдан бастап 8 есе өсетінін айта кеткен жөн.

Алдын ала есептер бойынша ЕҚТ бойынша 4 анықтамалықта көрсетілген шекті деңгейлерге қол жеткізу үшін 1,6 трлн теңге инвестиция қажет, мұның өзі баламалы түрде республика бойынша нақты шығарындылардың 30%-ға қысқаратынын білдіреді.

Осылайша, Ең үздік қолжетімді техникалар комитетінің жұмыс регламентіне сәйкес мақұлданған анықтамалықтар жақын арада ҚР Үкіметінің одан әрі бекітуі үшін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жіберілетін болады.

2021 жылғы 21 қазанда экология саласындағы аса маңызды оқиғалардың бірі өтті. 2021 жылғы 21 қазанда экология саласындағы аса маңызды оқиғалардың бірі өтті.
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан