• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтайды!

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтайды!

ph070720

Ұлт көшбасшысы, әлемдік деңгейдегі білікті саясаткер және өз елінің нағыз патриоты Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанды басқарған кезеңінде қуатты және тәуелсіз мемлекет құра алды, біздің елімізді бүгінде күллі әлем таниды, құрметтейді әрі бізбен санасады.

Ұлт көшбасшысы бастаған қазақстандық даму жолы қиын әрі ерекше болды. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары еліміздің жалпы ішкі өнімі екі есеге төмендеді, барлық экономикалық байланыстар құлдырады, ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындары жұмысын тоқтатты, азық-түлік, халыққа қажетті тұрмыстық тауарлар жетіспеді. Нұрсұлтан Назарбаев ел тұтқасын өз қолына алып, барлық сын-қатерлерге қасқайып қарсы тұрды.

Елбасының көшбасшылық қасиеттерінің, беделінің, даналығының, реформаторлық прагматизмінің, саяси көрегендігінің арқасында қысқа мерзім ішінде Қазақстанның табысты әрі тиімді дамуына негіз болып қаланған тарихи маңызды конституциялық, саяси және экономикалық реформалар жүргізілді: экономика көлемі 15 есеге өсті, халықтың табысы доллармен есептегенде - 9 есеге өсті, кедейлік деңгейі 10 есеге азайды. Еуразияның дәл жүрегінде тұтас Қазақстанның символына әрі мақтанышына айналған жаңа Астана салынды.

Тәуелсіздік жылдары республикада КҚК экспорттық мұнай құбыры жүйесінің, ҚХР-дағы мұнай және газ құбырларының, теңіз және Қарашығанақ мұнай-газ кен орындарындағы жаңа буын зауыттарының құрылысын қоса алғанда, ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылды; ірі мұнай өңдеу зауыттары жаңғыртылды; Қазақстанның өңірлері, оның ішінде Тұңғыш Президенттің есімі берілген-Нұр-Сұлтан қаласы газдандырылды; тұрақты "жасыл" экономиканы дамытуға негіз қаланды.

Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі елордасы - саяси және экономикалық аренадағы танымал бренд, ол көптеген алпауыт мемлекеттермен иық тірестіре дамып келеді. Біздің республикамыздың даму жолын көреген басшы әрі қарымды саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлынан бөлек алып қарау мүмкін емес.

Қазіргі уақытта Қазақстан өзінің келесі даму кезеңінде тұр, оның бұрынғыдан да әсерлі болатынына сенімдіміз.

Біз Нұрсұлтан Әбішұлын және барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймыз және зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, сарқылмас күш-қуат және Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа биіктерге жетуін тілейміз!

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтайды! Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтайды!
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан