• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

2022 жылғы 25 мамырда акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы болып ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Зульфия Болатқызы Сүлейменова сайланды.

Зульфия Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр мен магистратурасын бітірген. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жапонияның ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD дәрежесін алды.

Зульфия Сүлейменова Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 2014 жылы жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығы өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады.

2020-2021 жылдары - Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі қызметін атқарып келеді.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан