• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • ХЖТИЖО Басқарма төрайымының м.а. Жанар Райымқұлқызы Игенова қызметкерлерді ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен және кәсіби мерекесі - Эколог күнімен құттықтады

ХЖТИЖО Басқарма төрайымының м.а. Жанар Райымқұлқызы Игенова қызметкерлерді ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен және кәсіби мерекесі - Эколог күнімен құттықтады

Ж.Р. Игенова кәсіби мамандығымен адал жұмыс атқардығы, ортақ іске адалдығы үшін зор денсаулық, жақсылық және амандық тіледі.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы өз қызметінің басынан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында елді «Жасыл» даму жолына көшіруде қойылған міндеттерді іске асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда «жасыл» даму саласындағы көптеген халықаралық жобалардың арқасында Орталық бірқатар экологиялық проблемаларды шешу бойынша тәжірибе жинақтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстанның экологиялық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Орталық жаңа Экологиялық кодекстің жобасына, сондай-ақ ең озық қолжетімді техникаларды енгізуге қатысады.

Жылдан жылға жасыл технологияларды енгізу бойынша құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар нысандары жетілдірілуде, қызметтер спектрі кеңеюде, қоршаған ортаны қорғау саласында технологиялар әзірленуде, бұл біздің еліміздің тұрақты экологиялық дамуына жедел көшуіне ықпал етеді. Аталған бағыттарды іске асыруда ХЖТИЖО қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Эколог күнін мерекелеу құрметіне «Экология саласының үздігі» төсбелгісіне ҒТР, ҒТК кеңсесінің және «Жасыл көпір» институтының басшысы Гүлбазар Медиева, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасына Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы Раушан Сыздықова ие болды. Сондай-ақ, ХЖТИЖО-ның 11 қызметкерлері Басқарма төрайымының атынан алғыс хаттар алды.

ХЖТИЖО Басқарма төрайымының м.а. Жанар Райымқұлқызы Игенова қызметкерлерді ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен және кәсіби мерекесі - Эколог күнімен құттықтады ХЖТИЖО Басқарма төрайымының м.а. Жанар Райымқұлқызы Игенова қызметкерлерді ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен және кәсіби мерекесі - Эколог күнімен құттықтады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан