• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) анықтамалығын әзірлеу бойынша техникалық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) анықтамалығын әзірлеу бойынша техникалық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

ndt2302

Бүгін, 23-ақпанда «Шаруашылық және/немесе өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі энергетикалық тиімділік» анықтамалығын әзірлеу бойынша техникалық жұмыс тобының (ТЖТ) бірінші отырысы өтті.

Ағымдағы жылы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары - бірінші санаттағы объектілер арасында ЕҚТ қолдану бойынша анықтамалықтар әзірлейді.

Энергия тиімділігі кез-келген өндірістік процесс үшін ЕҚТ анықтауда қолданылатын критерийлердің бірі болып табылады.

Энергия тиімділігі бойынша ЕҚТ анықтамалығын қолдану саласы - ҚР жаңа Экологиялық кодексінде көрсетілген бір немесе бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар.

Анықтамалықтарды әзірлеу, келісу және бекіту процесінің негізгі қатысушылары мемлекет, өнеркәсіп, үкіметтік емес ұйымдар, экологиялық бірлестіктер, ғылыми қоғамдастық және басқалар болып табылады.

ЕҚТ бойынша әрбір анықтамалыққа жеке-жеке ТЖТ құрылады.

ТЖТ қызметінің мақсаты ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, бекіту және өзектендіру болып табылады.
Анықтамалық Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) қолдауымен «Төмен көміртекті экономиканы дамыту үшін Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл экономиканы қолдау» жобасы шеңберінде әзірленеді.

GIZ – елімізге «жасыл экономиканы» дамытуда қолдау көрсететін халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы. Төмен көміртекті және климат үшін қолайлы экономикалық даму климаттың өзгеруіне бейімделу шараларымен қатар қызметтің маңызды бағыттары болып табылады.

Ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) анықтамалығын әзірлеу бойынша техникалық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті Ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) анықтамалығын әзірлеу бойынша техникалық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан