• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы білікті кадрларды даярлау арқылы жасыл нарықты дамытуда

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы білікті кадрларды даярлау арқылы жасыл нарықты дамытуда

kkaz

Орталық Қазақстандағы қаржы нарығын Жасыл таксономия шеңберінде жасыл облигациялар шығару процесімен таныстыру үшін Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен Climate Bonds Initiative (CBI) өткізген үш күндік «Green Bond Boot Camp» тренингін ұйымдастырды.

CBI - әлемдегі таксономиялардың дамуын қолдайтын климаттың өзгеру мәселелерін шешу үшін әлемдік капиталды жұмылдыру саласындағы жетекші халықаралық ұйым. Бұл коммерциялық емес ұйым нарықты зерттеуге, стандарттарды әзірлеуге және қаржылық саясат бойынша кеңес беруге бағытталған.

Тренингке Орталықтың, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қаржы министрлігінің, АХҚО жасыл қаржыландыру орталығының, қаржы ұйымдары қауымдастығының, Бәйтерек холдингінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.

Тренингтің мақсаты - жасыл облигациялар нарығында өзара әрекеттесуді қалайтын ұйымдардың негізгі тұлғаларын дайындауға көмектесу.

Тренингке қатысушылар өз елінде, өңірде және бүкіл әлемде климаттың өзгеруіне төзімді жасыл, төмен көміртекті активтер мен инфрақұрылымды қаржыландырудың соңғы трендтері саласында білім алды.

Оқыту курсының бағдарламасында мыналар қамтылды:

  • Жасыл облигациялар нарығының тарихына, негіздеріне және жаһандық оқиғаларына шолу;
  • Нарықтың негізгі динамикасына шолу (баға, инвесторлардың рөлі/іс-әрекеті, қорлар/индекстер рөлі және т.б.).;
  • Бүкіл әлемдегі реттеудің және негізгі саяси өзгерістердің рөлін түсіну;
  • Халықаралық деңгейде мақұлданған стандарттар мен жасыл дамуды анықтау шеңберіне шолу, сондай-ақ әртүрлі елдердің мысалдарындағы айырмашылықтар;
  • CBI халықаралық таксономиясына және ЕО, Қытай, Жапонияның және тағы басқа таксономияларға кіріспе.
  • CBI сертификаттауды, АСЕАН стандарттарын, Қытай ережелерін және ЕО жасыл облигацияларының ұсынылған стандартын қоса алғанда, жасыл облигацияларды таңбалаудың барлық негізгі жаһандық схемаларын сипаттау.

Орталық жасыл қаржыландыру нарығын дамыту мақсатында оқыту бағдарламаларын одан әрі өткізуді жоспарлап отыр.  

 

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы білікті кадрларды даярлау арқылы жасыл нарықты дамытуда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы білікті кадрларды даярлау арқылы жасыл нарықты дамытуда
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан