Қазақстанға ЕҚТ енгізуді электр станцияларынқайта құрумен байланыстыру ұсынылды

Қазақстан ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізуді электр станцияларын жалпы реконструкциялаумен байланыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

WECOOP-тің қоршаған ортаны қорғау және ЕО-ның экологиялық заңнамасы жөніндегі негізгі сарапшысы Владислав Бизек Нұр-Сұлтан қаласында сәрсенбі күні "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ (ХЖТИЖО) алаңында ұйымдастырылған "Жасыл" экономика және ЕҚТ қағидаттарына көшу мәселелері жөніндегі II Халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде осындай ұсыныс жасады.

Іс-шара Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында онлайн және офлайн форматта өтіп жатыр.

В.Бизектің айтуынша, оның ұсынысы - ЕҚТ енгізу және ластаушы заттар шығарындыларын азайту үшін электр станцияларын қайта құру арқылы қол жеткізген және жалпы энергия тиімділігін арттырған ЕО-ға мүше кейбір елдердің тәжірибесіне негізделген. Төмен көміртекті және жаңартылатын энергетикаға қайта бағдарлау бойынша әлемде атап өтілетін үрдіске қарамастан, Еуропа елдерінде көмірмен жұмыс істейтін ірі жылу станциялары әлі де жұмыс істейді.

Энергетикалық теңгерім құрылымындағы көмір үлесі бойынша топ-5 елге Германия, Польша, Чехия, Нидерланды, Ұлыбритания кіреді. Еуропаның ең ірі көмір генерацияларының қатарына Польшадағы Белхатов (5102 МВт) пен Козельнице (4016 МВт), сондай-ақ Германиядағы Нойрат (4200 МВт), Нидераусем (3400 МВт) және Яншвальде (3000 МВт) кіреді. Олардың барлығы ең озық қолжетімді технологияларды пайдаланудың арқасында экологиялық көрсеткіштердің айтарлықтай жақсаруына қол жеткізді және бүгінде экологиялық таза газбен және жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтін "ұқсас" энергия объектілерімен табысты бәсекелесуде.

Осылайша, ЕҚТ мен қайта құрудың арқасында ЕО-да шаң шығарындылары 84%-ға, күкірт диоксиді - 86%-ға, азот оксиді-57%-ға, көміртегі диоксидішамамен 31%-ға азайды. В. Бизек хабарлағандай, Германияда жаңадан салынған көмір электр станциялары – белгіленген қуаттылығы 750 МВт және инвестициясы 1,4 млрд евро (2013 жылы) Люнен, сондай-ақ белгіленген қуаттылығы 1,1 ГВт, таза ПӘК 45% астам және инвестициясы 1,5 млрд евро (2020 жылы) Даттелн 4– ЕҚТ талаптарына толық сай келеді.

В.Бизек сонымен қатар Чехияны мысал ретінде айтып өтті, мұнда 1993-1998 жылдар ішінде ЕҚТ енгізудің және энергия объектілерін жаңғыртудың бірінші кезеңін жүргізу нәтижесінде SO2 мен шаң шығарындыларының 90%-ға, NOx-50%-ға төмендегені тіркелген. Инвестицияның жалпы көлемі 3,63 миллиард долларды құрады, қабылданған шаралардың әсері барлық күткен нәтижеден асып түсті. Елдегі ең ірі инвестициялық жобалар 2012 жылы құны 1 млрд еуро болатын Тушимица II электр станциясын (4 x 200 МВт) жаңғыртуды аяқтау және 2017 жылы қуаттылығы 660 МВт және құны 1,4 млрд еуро болатын Ледвице электр станциясының жаңа сыни блогын іске қосу болды.

Қазақстанда аса ірі энергия объектілерінде ЕҚТ енгізу қайта құру және жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі бола алады деп есептейді сарапшы.

Бүгінгі таңда елімізде көптеген ірі өнеркәсіптік компаниялар осы мақсаттарға айтарлықтай ақша қаражатын инвестициялай отырып, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және өз өндірістерін жаңғырту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруда. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ техникалық даму басқармасының бастығы Дмитрий Макеевтың айтуынша, мысалы, Атырау МӨЗ-де (Атырау облысындағы АМӨЗ) және Шымкент МӨЗ-де (Түркістан облысы) ең заманауи каталитикалық крекинг кешендері салынды, оларды жобалау кезінде басынан бастап қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін барлық қажетті ОҚТ салынды.

Атап айтқанда, бұл кешендерде әлемдегі ең жақсы каталитикалық крекинг газдарын тазарту жүйелері енгізілген (BELCO). Сонымен қатар, кейбір қолданыстағы қондырғыларда айтарлықтай инвестицияларды қажет етпейтін, бірақ қажетсіз шығарындылар санын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін ЕҚТ енгізу жоспарлануда. Мұндай "шағын" ЕҚТ енгізу МӨЗ-де үнемі жүргізіліп тұрады және қолданыстағы тиімділікті арттыру бағдарламаларында қарастырылған деді ол.

Сондай-ақ Атырау облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында мемлекеттік басқару органдарының талабы бойынша АМӨЗ-де 2019 жылы "Tazalyq" табиғатты қорғау іс-шараларының жобасы қабылданды. Ол үш кіші жобаны қамтиды: механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту (МТҚ), биологиялық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және соңына дейін тазарту блогын (БТҚ) салу және булану алаңдары мен каналды қайта өңдеу (БА).

"МӨЗ-де енгізілген ең озық қолжетімді технологиялардың болуына жүргізілген сапалы талдау іс жүзінде барлық жағдайларда қолданыстағы технологиялық қондырғыларда, олар қолданылатын жерлерде ЕҚТ-ға сәйкес екенін көрсетті. ЕҚТ-ның көпшілігіне сәйкестік соңғы уақытта Қазақстан Республикасының МӨЗ-інде жүргізілген жаңғыртулардың нәтижесі болып табылады", деп атап өтті Д.Макеев.

"2018 жылы атмосфераға шығарындылардың жалпы көлемі (қазақстандық МӨЗ–дерді ауқымды жаңғырту аяқталған сәтте-ред.) 4227 мың тоннаны құрады, бұл ретте мұнай өңдеу кәсіпорындарының үлесіне атмосфераға барлық шығарындылардың тек 1,3%-ы ғана келді, бұл сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерінің салыстырмалы түрде төмен деңгейін көрсетеді". Сонымен қатар, "Қазмырыш" ЖШС бас экологы Қазтай Такеев хабарлағандай, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бойынша осындай іс-шаралар "Қазмырыш" кәсіпорындарында да тіркелген.

Мұнда ұйымдастырылмаған шығарындыларды үздіксіз бақылау ең ықтимал газ бөлінетін жерлерде өнеркәсіптік алаңда орналасқан күкірт диоксидіне газ талдағыштар арқылы жүзеге асырылады. Өскемен шекарасында "Қазмырыш" ЖШС қолдауымен өңірлік автоматтандырылған мониторинг жүйесі жұмыс істейді, оның деректері жалпыға бірдей қолжетімді. Ағынды суларды тазарту үшін дәстүрлі әктен басқа әртүрлі маркадағы флокулянттар: Zetag, Magnafloc, Flopam, UG (Ресей, Франция), табиғи жергілікті сорбенттер, сондай-ақ суды тазаратын жаңа құрал – "Квант Минерал" ЖШҚ ГЛИНТ синтезделген белсендірілген алюминосиликатты сорбенті қолданылады (Ресей).

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында құрамында күшала бар өнеркәсіптік қалдықтарға арналған жаңа полигон салынды. Учаске елді мекендер мен су айдындарынан қашық орналасқан, полигонның карталары көп қабатты сүзгіге қарсы экранмен жабдықталған және экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.

Мұның бәрі, сарапшы айтып өткендей, ЕҚТ қағидаларына сәйкес келеді және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі: egemen.kz

Қазақстанға ЕҚТ енгізуді электр станцияларынқайта құрумен байланыстыру ұсынылды Қазақстанға ЕҚТ енгізуді электр станцияларынқайта құрумен байланыстыру ұсынылды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан