Халықаралық сарапшылар Климаттық бейтараптыққа көшуді жеделдетуді талқылады

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы «Іскерлік және саяси әрекеттер арқылы Климаттық бейтараптыққа көшуді жеделдету – Орталық Азияның келешегі» тақырыбында кезекті вебинар өткізді.

Вебинардың негізгі мақсаттары - климаттық бейтараптыққа көшуді жеделдету мәселелерін талқылау бойынша ашық және сындарлы диалог үшін тиімді коммуникативті алаң құру, сондай-ақ Орталық Азиядағы Климаттық бейтараптық контекстінде жасыл технологияларды дамыту және қолдану перспективаларын қарастыру.

Вебинардың спикерлері халықаралық ұйымдардың сарапшылары болды, олардың ішінде Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы, WECOOP, БҰҰДБ, сондай-ақ Орталық Азиядағы герман экономикасының өкілдігі жанындағы «Жасыл» экономика бойынша құзыреттер орталығы.

Кездесуді ашқан «Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы» (РЭЦЦА) атқарушы директоры Зафар Махмудов Орталық Азия елдерінің бірлескен күш-жігерімен ғана өңірге тән климаттың өзгеруінің драмалық салдарын жұмсартуға болатынын атап өтті. Спикердің айтуынша, Орталық Азия үкіметтері өңірдегі Климаттық дағдарыстың алдын алу жөніндегі ұлттық және өңірлік бағдарламаларды күшейтуі қажет.

Еуропалық Одақ мысалында Климаттық бейтараптыққа көшу туралы ЕО заңнамасы бойынша WECOOP негізгі сарапшысы Владислав Бизек айтты.

Құрамына «сегізінші Ұлттық Хабарламаны және екі екі жылдық (төртінші және бесінші) баяндаманы әзірлеу», «Қазақстанның ҰҚО жаңартылуына жәрдемдесу», Climate Promise, Stockholm +50 кіретін БҰҰДБ Климаттық жобалары жұмысының нәтижелерімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) климаттың өзгеруі жөніндегі маманы Сабыр Асылбеков бөлісті.

Қазақстанның «жасыл» күн тәртібіндегі мақсаттарға қол жеткізудегі Германия мен неміс бизнесінің рөлі туралы сутегі және ЖЭК мәселелері жөніндегі аға сарапшы, Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігі жанындағы «Жасыл» экономика жөніндегі құзыреттер орталығы Анна Ким айтып берді. Оның баяндамасында «жасыл» жобаларға, атап айтқанда энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экспорттық бастамаға, сондай-ақ «Dena» Неміс энергетикалық агенттігімен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Онлайн кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар вебинарда қозғалған тақырыптардың нақты маңыздылығын атап өтіп, пікір алмасты және спикерлерден өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Халықаралық сарапшылар Климаттық бейтараптыққа көшуді жеделдетуді талқылады Халықаралық сарапшылар Климаттық бейтараптыққа көшуді жеделдетуді талқылады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан