• Басты бет
  • Хабарлама
  • Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу үшін техникалық жұмыс топтарының мүшелерін іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы Хабарландыру

Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу үшін техникалық жұмыс топтарының мүшелерін іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы Хабарландыру

2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 113-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ техникалық жұмыс топтардың (бұдан әрі - ТЖТ) құрамына қатысушыларды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

В ТЖТ құрамына мемлекет, өнеркәсіп, үкіметтік емес ұйымдар, экологиялық бірлестіктер, ғылыми қоғамдастық және басқалар кіреді.

ТЖТ келесі Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарға құрылады:

  • «Шаруашылық және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі энергетикалық тиімділік» ҮҚТ бойынша салааралық анықтамалық;
  • «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу» ҮҚТ бойынша салааралық анықтамалық;
  • «Цемент және әк өндіру» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Мұнай және газ өңдеу» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Мұнай мен газ өндірісі» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Алюминий өндірісі» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Мырыш, қорғасын және кадмий өндірісі» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Мыс өндірісі» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Бағалы металдар өндірісі» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Қара металдарды одан әрі қайта өңдеу бұйымдарын өндіру» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Темір кендерін өндіру және байыту» ҮҚТ бойынша анықтамалық;
  • «Түсті металл кендерін өндіру және байыту» (бағалы металдарды қоса алғанда) ҮҚТ бойынша анықтамалық.

ТЖТ құрамына іріктеу кандидаттардың техникалық, экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі (технолог, эколог, жылу энергетикасы маманы, энергия тиімділігі жөніндегі маман, су ресурстары жөніндегі маман, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі маман, санитарлық-гигиеналық нормативтер жөніндегі маман, экологиялық менеджмент саласындағы маман) негізінде жүргізіледі, сондай-ақ:

  • Жоғары білімінің болуы;
  • Саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
  • Саланың технологиялық процестерін, стандарттарын және экологиялық аспектілерін білу;
  • Ғылыми дәрежесінің немесе бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесінің, ғылыми атағының болуы (ЖОО және ҒЗИ өкілдері үшін)
  • Экологиялық жобалау және нормалау бойынша жобаларға қатысу (жобалау ұйымдарының өкілдері үшін).

Ресми өтінім үшін келесі сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfXiJG2knl7AcbJVk1huJCw-UlOhn6cbcpVbfj15KjurB6o-w/viewform?usp=sf_link

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 23 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

 

Анықтамалық ақпарат үшін байланыс:

  • Жәнібек Бақтығали, ҮҚТ Бюросының Жобалық кеңсесі.

Байланыс: +7 7172 799936, z.baktygali@igtipc.org

  • Камшат Бажирова, ҮҚТ Бюросы - Цемента, әк және бейорганикалық химиялық заттар өндірісі.

Байланыс: +7 778 401 6060, k.bazhirova@igtipc.org

  • Владимир Ким - ҮҚТ Бюросы - отын жағу.

Байланыс: +7 777 473 6414, vmk555@gmail.com

  • Саясат Имамбаев, ҮҚТ Бюросы - Мұнай және газ өңдеу.

Байланыс: +7 7172 793-235, s.imambayev@igtipc.org

  • Абылай Алиев, ҮҚТ Бюросы - қара металлургия.

Байланыс: +7 7172 797-792, a.aliyev@igtipc.org

  • Жулдыз Каракушикова, ҮҚТ Бюросы - түсті металлургия.

Байланыс: +7 7172 799-924, zh.karakushikova@igtipc.org

  • Шаханова Асель, ҮҚТ Бюросы - түсті металлургия.

Байланыс: +7 7172 799-934, a.shakhanova@igtipc.org

Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу үшін техникалық жұмыс топтарының мүшелерін іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы Хабарландыру Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу үшін техникалық жұмыс топтарының мүшелерін іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы Хабарландыру
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан